АЛМАТЫ АУДАНЫНДА – АУЛА МЕРЕКЕСІ

0 113

аула мерекесі

Астана күнінде Абылай хан даңғылы 26-үйде аула мерекесі ұйымдастырылды.

Жаңадан абаттандырылған аула тұрғындарын қос мерекемен құттықтаған Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағын мен Астана қаласы мәслихатының депутаты Сергей Богатырев осы аулада орналасқан қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сый-сияпаттар таратты.

Үстіміздегі жылы Алматы ауданында 20 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Абаттандырылған аулаларға 13 балалар ойын алаңы, 6 спорт алаңы, 206 қоқыс жәшігі, 194 орындық, 11 демалатын орын, 40 жарықтандырғыш құрылғылары орнатылатынын айтқан аудан әкімі сонымен қатар, жалпы аумағы 38 043,15 шаршы метр аумаққа асфальт төселіп, қосымша 295 тұрақжайлық орындар дайындалып, 1 589,92 шаршы метрден астам аумаққа төсемтас төселетінін жеткізді.

Мереке барысында осы аулада тұратын жасөспірімдер мен бүлдіршіндер спорттық сайыстар мен асфальтта сурет салудан жарысып, жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, мереке барысында осы аулада орналасқан № 9 қалалық емхананың дәрігерлері тұрғындардың артериялық қысымын өлшеп, кардиолог және терапевт дәрігерлер кеңес берді.

Әмина АДАЙ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − five =