Алматы ауданы да аянып қалмады

0 147

«Нұр Отан» ХДП Алматы аудандық филиалының төрағасы, «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ бас директоры Абай Байгенжин Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп, қаладағы 12 кәсіпорынды қамтыған ауқымды іс-шара ұйымдастырды.

Оқушылар сарайында өткен «Балаларды мектепке да­йын­дайық!» атты бұл акция бойынша жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан және жетім балалардан тұратын бастауыш сынып оқушыларына 258 сөмке мен басқа да оқу құралдары үлестірілді.
Қайырымдылық шарасын Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина құттықтау сөзімен ашты. Ал, көмекке зәру отбасылардың балаларына демеу көрсеткен «Астана-Теплотранзит», «Астана-
Зеленстрой», «Қазақстан халық банкі», «Банк Центр Кредит», «№1 автобус паркі» акционерлік қоғамдары, «Астана-Тазалық», «Цесна-Астық» концерні», «Жол жөндеуші» компаниясы», «Жаңа құрылыс», «Highvill Kazakhstan» компаниясы» ЖШС-лары, «Астана су арнасы» ШЖҚ мен «Беркат» консорциумының өкілдері және қалалық мәслихат депутаттары оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − three =