©2020 Астана Ақшамы
Алло, «Астана ақшамы»!
Қалдыгүл Ахметбек, елорда тұрғыны:
– Мен жеке фирмада жұмыс істеймін. Жалақымды қолма-қол алып, белгілі бір пайызын зейнетақы қорына түсіріп жатқаным жоқ. Алайда зейнетақы жүйесінде өзгерістер болып жатыр дейді. Енді менің де тапқан табысымнан жарна төленетін бола ма? Оны кім жүзеге асырады?
«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға енгізілген өзгерістер туралы «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаеваның жария еткен ақпаратына сәйкес, 14 шілдеден бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтіндер табыстарының 10 пайызын зейнетақы қорына аударуға міндетті болады.
Жалақыларын қолма-қол алатын жұмысшылар екінші деңгейлі банктерден немесе зейнетақы қорынан арнайы шот ашуларына болады. Сөйтіп, зейнетақы жарнасын сол шоттарға ай сайын салып отырады. Осы күні елімізде өз еркімен зейнетақы қорына ақша аударып отырғандар саны көп емес. Салдарынан олар үй кезегіне тұратын кезде, мемлекеттен жәрдемақы аларда немесе банктен несие рәсімдейтін болса, біршама қиындықтарға тап болатын. Ал жаңа заң келісімшартпен жұмыс істейтіндердің әлеуметтік көмек алуларына жол ашпақ.
Енді зейнетақы қорына ақша аударудан бас тартқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Оларға салынатын айыппұл көлемі 25 мың теңгеге жуық.