«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 197

Шәріпжамал ӘБІЛМАҒЖАНОВА, зейнеткер, елорда тұрғыны:

– 1963 жылы пайдалануға берілген Бейбітшілік көшесі, 29-үй мекенжайындағы 5 қабатты тұрғын үй 2008 жылы апатты деп танылған болатын. Бірақ 2009 жылғы дағдарысқа байланысты бұл үйді күреу жұмыстары кешеуілдеп қалды. Жоспар бойынша осы тұрғын үй енді қашан сүріледі?

Оқырман сауалына Астана қаласы Сарыарқа аудандық әкімдігі тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Андрей Марченко жауап береді.
– 2015 жылғы техникалық қорытындыға сәйкес, Бейбітшілік көшесіндегі 29-үйдің тозуы 43 пайыз­ды көрсеткен. Ал апатты үйлердің көрсеткіші 61 пайыз болуы керек. Бұл тұрғын үй апатты деп саналмайтындықтан, ешқандай күреуді қажет етпейді. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынас­тары» туралы Заңның 34.50-бабы бойынша үй иелері жылжымайтын мүліктің тиісті техникалық және санитарлық жағдайын қатаң бақылауда ұстап, пәтерлеріне күтіммен қарауға міндетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды