«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 170

Жанна МҰҚЫШЕВА, елорда тұрғыны:
– Қыс түссе Астананың аспанын түтін басуы үйреншікті жағдайға айналды. Оған «Жылу электр орталықтары мен автономды қазандықтардан, жекеменшік үйлердің мұржасынан шығатын түтін және автокөліктерден бөлінетін газ жел соқпаған күндері ауаны торуылдап тұрып алатыны себеп болады» деп түсіндіріледі. Осы мәселенің алдын алу үшін биыл қандай шаралар қолданылып жатыр?

Оқырман сауалына Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының табиғатты пайдалану саласы бойынша қызмет көрсету бөлімінің басшысы
Әбдіманап Жұмаділдаевтың жауабын ұсынамыз:
– Қалаға газ тарту жұмысы ретке келтірілгеннен кейін бұл жағдай едәуір жақсаруы тиіс. Яғни, Астана ауа атмосферасының тазаруы үшін қала газбен жылыту жүйесіне көшуі қажет. Жалпы, 2025 жылы елорда газбен жылытуға толық көшеді. Сондықтан биыл да Астанада түтінге байланысты аздаған проб­лема болуы мүмкін. Дегенмен жағдайдың алдын алу шаралары жасалып жатыр. Мысалы, Жылу-
электр орталықтарының мұржалары ұзартылып, олардың биіктігі 120 метрге жеткізілді. Осының арқасында түтіннің біраз бөлігі енді қала аумағына бұрылмайтын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды