«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 189

Зере МАДИЯРҚЫЗЫ, Астана қаласының тұрғыны:
– Астана қаласындағы емханалар жекешелендірілуі мүмкін екен. Егер осы бастама жүзеге асар болса, медициналық көмектің сапасына кері әсері тимей ме?

Бұл сауалға Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Нәдіров жауап берді.
– «Емханаларды жекешелендіру мәселесі қарастырылып жатыр. Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторларға сапаны бағалау талаптары мен индикаторлары әзірленуде. Сондықтан жақын уақытта аталған жобаны жүзеге асыруға кірісетін боламыз.
Шыны керек, бұл іске қызығу­шылық танытып отырғандар бар. Егер бәрі жоспар бойынша жүзеге асса, медициналық көмектің жақсы сапасын сақтауға болады. Бұған қоса, пациент кез келген медициналық ұйымды таңдай алады. Осының нәтижесінде емханалар арасында бәсекелестік артып, үнемі жетіліп отыруға мәжбүрлейді. Тиісінше медициналық көмектің сапасы да жақсара түседі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды