«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 177

Сымбат ТӨЛЕКБЕРГЕН, студент:
– Қала басшылығы қоғамдық көлікте жолақыны көбейту мәселесін қарап жатқанын білемін. Бұрын-соңды кондукторға қолма-қол төлейтінмін. Енді Astra plat картасын пайдалану екі есе тиімдірек екен. Қаланың қай жерлерінде картаны толтырып отыруға болады?

Бұл сауалға қатысты «Астана LRT» компаниясының басқарма төрағасы  Бекмырза Игенбердиевтің жауабын ұсынамыз.
– 1 шілдеден бастап Astra plat қоғамдық көлік картасын QIWI терминалдары арқылы қосымша төлемсіз толтыруға болады. Қала аумағында және шет аймақтарда мұндай терминалдар саны – 2 мыңға жуық. QIWI және Kaspi терминалдары 15 банкпен интеграция­ланған. Сол себепті тұрғындар мен қала қонақтарына картаны толтыру үшін еш қиындық туындамайды. Одан бөлек, бизнес-орталықтар, көпшілік жиналатын орындарда және автобус­тардың ішінде жүргізушіден көлік картасын сатып алуға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды