«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 171

Ғалия СЕРІКБАЕВА, қала тұрғыны:
– Менің мамандығым – бастауыш сынып мұғалімі. Алайда қазір балабақша тәрбиешісі болып жұмыс істеп жүрмін. Биыл мұғалімдер ұлттық біліктілік тестін тапсырды. Енді балабақша тәрбиешілері де бұл тестті тапсырады деп естідім. Бұл жағдайдың жалақыға әсері бар ма?

Оқырман сұрағына Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның жауабын ұсынамыз:
– Биыл маусым айында 56910 мұғалім ұлттық біліктілік аттес­таттауынан өтті. Тестілеудің бірінші және екінші кезеңдерінен өткен мұғалімдер 1 қыркүйектен бастап жаңа жалақы алып жатыр. Келесі тестілеу 2018 жылы қарашада өтеді. Тәрбиешілер үшін де осындай ұлттық біліктілік тестілеуін енгізу жоспарланып отыр. Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелері бойынша 30 пайыз­дан 50 пайызға дейін қосымша төлемақы енгізіледі. Бұл тек тәрбиешілерге ғана емес, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлерінің де жалақысына қатысты болып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды