«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 168

Марғұлан КӨПЖАСАРОВ, қала тұрғыны:
Көп пәтерлі үйдің ең жоғарғы қабатында тұрамын. Үйіміздің шатыры тозып кеткен, жаңбырлы күндері төбемізден су ағады. Шатырды жөндеуге өзіміздің шамамыз келмей жатыр. Бұл жағынан мемлекеттік көмекке жүгіне аламыз ба?

Оқырман сұрағына «Өркен қала» ЖШС қайта жаңарту бөлімінің бастығы Болат Түгелбаевтың жауабын ұсынамыз:
– Астанада шатырды ауыстыру жұмыстары Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда. Шатыры тозған, су ағатын үйлердің шатырын жаңарту үшін мемлекет тарапынан арнайы көмек жүйесі бар. Тозған шатырды жаңарту мәселесін сол үйдің тұрғындары жалпы жиналыста шешеді де, пәтер иелері Қалалық орта сапасын бақылау басқармасына шатырды ауыстыруға өтініш жазады. Аталған нысанға комиссия барып көріп, смета жасайды. Егер үйдің 70 пайыздан астам тұрғыны келіссе, шатыр жаңартылады. Жөндеу жұмысын жүргізетін компанияны тұрғындар өздері таңдайды. Қаржы 15 жылға беріледі. Айына әр пәтерге шамамен 3-5 мың теңгеден шығады. Жаңа шатыр орнатқанда біз бетон құямыз. Ол бұрынғы цементтен әлдеқайда жақсы және оған кепілдік мерзімі бар. Өткен жылы 12 көп қабатты үйде күрделі жөндеу жүргізіліп, соның үшеуінің шатыры жаңартылды. Алда Ә.Мәмбетов 6, 8, 8/1, 8/2, 8/3, Күйші Дина 42/2, Манас 23/5 және Ғ.Мүсірепов 6/4 мекенжайлардағы тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізілетінін айта кетейін.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды