«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 117

Сая ДОСЖАН, Астана қаласының тұрғыны:
– Күн суытса Астанада көмір қымбаттап, жұрт арасында дүрбелең туындамай ма? Осы отынның қазіргі құны қандай?

Бұл сауалға Астана қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Байсадықов жауап берді.
– Бірден айта кетейік, соңғы үш күнде Астанаға 50 вагон көмір келді. Биыл көмір бағасы өзгере қойған жоқ. Оған елорда әкімдігінің көмір сатушылармен жасасқан меморандумы септігін тигізіп отыр. Бұл келісімде көмірдің бағасы бекітілген әрі өзгермейді. Ал бағасы жағына келер болсақ, Шұбаркөлдің бір тоннасы – 13500-14500, Майкөбе – 12500, Қаражыра – 14000, Богатырь 8500-9500 теңге. Міне, қазір осындай бағалармен саудаланып жатыр. Бұл бағалар қаладағы 12 көмір сататын орында белгіленген. Мұнан бөлек, 7 жекеменшік көмір сататын жерден де қатты отынды дәл осындай бағаға сатып алуға болады. Бағалары тұрақты. Сондықтан биыл көмір төңірегінде дүрбелең туындамайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды