«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 177

Талғат АБЗАЛОВ, қала тұрғыны:
– Астанада қандай мамандықтарға сұраныс бар екен? Менің мамандығым – агроном. Жұмысқа тұру үшін не істеу қажет?

Оқырман сұрағына Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омардың жауабын ұсынамыз:
– Елордада бәрінен бұрын сатушыларға сұраныс жоғары. Сосын бармендер, даяшылар және құрылысшылар сұранысқа ие.Үшінші орында – көлік қызметкерлері және логистика. Төртінші орында – әкімшілік қызметкерлері. Сонымен қатар медбикелер, тәрбиешілер, бастауыш сынып мұғалімдері де қажет.
Жалпы Жұмыспен қамту орталығында қазіргі күнде 6 мыңнан астам адам тіркелген. Өз мамандығыңыз бойынша жұмысқа орналасу үшін орталықтың сайтына кіріп, міндетті түрде электронды мекенжайды көрсетіп, анкетаны толтырып тіркелу қажет. Сосын «іздеу» тетікшесінде қандай жұмыс, қандай тәртіпте толтырасыз. Сонда орталықтан бос жұмыс орындары туралы ақпарат сіздің пош­таңызға келіп тұрады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды