«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 140

Арман БАЛТАБЕКОВ, жұмысшы:
– Менің бірнеше иттерім бар еді. Астанада иттерді қай жерде тегін тіркейді және чип салғызады?

Газет оқырманының сауалына «Астанаветсервис» мекемесінің ветеринария бөлімінің бастығы Ерлан Зикибаевтың жауабын жариялаймыз:
– Астана әкімдігі үй жануарларын, соның ішінде иттерге тегін чип енгізуге қаражат бөлді. Жыл соңына дейін бұл жұмыс «Астана ветеринар сервисте» іске асырылады. Жеке тұлға, кәсіпорын, ұйым­дар және қала мекемелеріне қарасты жасы 3 айлықтан басталатын иттердің бәріне қандай тұқымға жататына қарамастан Астанадағы ветеринарлық емхананың есебі мен тіркеуінде тұруы міндеттеледі. Иттерге чип енгізу жоғалған жануарды тез әрі қатесіз тауып, иесіне қайтаруға көмектеседі. Бұл әдіс бұрыннан тиімді. Иттің құлағына тігілетін электронды белгіні Жеңіс көшесіндегі 3-үйде тегін орнатуға болады. Ол үшін жеке иттің қожайынының жеке куәлігі мен жануардың ветеринарлық төлқұжатын алып бару қажет. Ветеринарлық емхана мамандары жұмыс күндері ғана жұмыс істейді. Анықтама телефондары: 28-59-70, 8-778-680-63-61, әлеуметтік желідегі меке

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды