«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 112

Жасұлан ӘБІЛХАНОВ, зейнеткер:
– Астананың суығынан қалқан болатын жылы аялдамалар жолаушыға жақсы болып тұр. Бұл жұмыс жалғаса ма?

Оқырман сұрағына қала әкімі бірінші орынбасары Сергей Хорошунның жауабын ұсынамыз:
– Қазіргі күнде қалада 1265 аялдама бар. Оның 897-сі павильонмен жабдықталған, оның ішінде 39-ы – жылы павильон. Жыл аяғына дейін адам қарасы қалың және аурухана мен емхана маңына 86 жылы аялдама қойылады. Оның 55-і бюджет қаражатынан, ал 31-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде орнатылады. Келер жылы да бұл жұмыс жалғасын тауып, инвесторлардың есебінен жаңа үлгідегі 200 шамасында жылы аялдама қою жоспарланған. Олар желдету, жылыту жүйесімен жабдықталып, Wi-Fi орнатылады. Аялдамаларда қоғамдық көліктің жүру бағыты мен уақыты көрсетіліп тұрады. Ал осылардың орнында тұрған бұрынғы ашық аялдамаларды қала сыртындағы аялдамаларға орнатады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды