«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 194

Гүлзира СЕРҒАЗИЕВА, елорда тұрғыны:
– Тұрғындардың тұмаурата бастайтын кезі жақындады. Жұқпалы аурудың алдын алатын екпелердің тиімділігін жиі айтады. Оның бағасы қандай және оны қай жерден тегін алуға болады?

Оқырман сұрағына Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жауабын ұсынамыз:
– Биыл күзде Астананың Денсаулық сақтау басқармасы тәуекел тобына жататын 100 мыңнан аса адамды тұмауға қарсы екпеден өткізуді жоспарлап отыр. Вакцинаны сатып алуға қажетті қаражатты қала әкімдігі бөлді. Вакциналау 1 қазаннан басталады. Тегін екпені әлеуметтік жеңілдік берілген атаулы санаттағы азаматтар қаланың №4 емханасынан алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері, қаланың шұғыл қызметінің жұмысшылары және де әлеуметтік жабық мекемелердегі – балалар үйі мен қарттар үйінің қызметкерлері тегін алады. Ал халықтың негізгі бөлігі үшін ақылы медициналық пункттер ашылды. Тұмауға қарсы Ресей вакцинасының бағасы – 1600-2000 теңге, басқа вакциналардың бағасы, мәселен голландық вакцинаның орташа бағасы – 2800 теңге. Бұл туралы қосымша мәліметті өздеріңіз тіркелген емханадан сұрап білуге болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды