«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 166

Думан СЕПБОСЫНОВ, елорда тұрғыны:
– Сол жағалауда көліктің көптігі соншалық, тіпті ақылы тұрақтың өзінде орын болмайды. Бұл мәселенің қандай шешімі бар? Алдағы уақытта көп қабатты паркинг салына ма?

Бұл сауалға «Астана» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Канкиннің жауабын ұсынамыз.
– «Москва» бизнес орталығының жанынан 9 қабатты паркинг салынады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Жобаға сәйкес ғимарат көлемі 21,2 мың шаршы метр болады. Әзірге нақты қанша орын болатыны белгісіз. Жоспар бойынша паркингтің құрылыс жұмыстары биыл басталып, шамамен 2-3 жылдың көлемінде пайдалануға беріледі.
Жалпы, сол жағалауда көп қабатты паркинг салуға арналған «Астана» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына қарасты үш жер учаскесі бар. Соның бірі – «Москва» бизнес орталығының жанындағы 0,5 гектар жер болса, екеуі – «Сулы-жасыл желек жолы» әкімшілік-тұрғын кешені мен Инвестиция және даму министрлігі ғимараттарының маңында. Алғашқы жобаны жүзеге асырған соң қалған екі жер учаскесінде де көп қабатты паркинг салуға инвесторлар тартылатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды