«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 137

Дидар БАЙҒАЗЫ, газет оқырманы:
– Жақында тұрмыстық қалдықты ақшаға қабылдайды деген ақпаратты көзім шалды. Бұл қаншалықты шындық? Қандай қалдықты, қай жерге өткізуге болады?

Бұл сауалға «Astana Clean Time» компаниясының менеджері Әсет Абаевтың жауабын ұсынамыз.
– Бір апта бұрын ғана Байқоңыр ауданына қарасты Жастар ықшам ауданында «ақылды аудан» жобасы аясында «Astana Clean Time» компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдайтын алғашқы «GreenStation» пункті ашылды. Тұрғындар мұнда қалдықты сұрыптап, бөліп әкеліп өткізеді. Әзірге қағаз, полиэтилен, пластик және әйнек қалдықтың 11 түрі қабылданады. Олардың бағасы шикізатқа байланысты 3 теңгеден 100 теңгеге дейін болады. Мысалы, полиэтилендердің келісі 70 теңге болса, пластиктердің келісі – 40 теңге.
Жалпы, қалада қалдықты ақшаға айырбастайтын 10 орын бар. Мысалы, «Северное сияние», «Арман қала» тұрғын үй кешендерінде де тұрмыстық қалдықтарды қабылдайды. Бірақ олар басқа компаниялардың қарамағында.
Жыл соңына дейін біздің компания осындай пунктің тағы 22-сін ашуды жоспарлап отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды