«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 160

Рүстем Ерғалиұлы, Байқоңыр ауданының тұрғыны:
– Міне, бас шаһарға сары ала күз де келді. Қыр астынан қыстың басы қылтияды. Біздің аудандағы көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелердің қысқы маусымға әзірлігін білгім келеді.

Бұл сауалға Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Қаналимов жауап берді.
– Бабаларымыз «Арбаңды қыс­та, шанаңды жазда сайла» деп бекер айтпаған. Біздің ауданда қысқа әзірлік жұмыстары жер қарайысымен басталды. Нәтижесінде, дайындығымыз ойдағыдай болды. Бүгінде ауданда 452 көп қабатты тұрғын үй орналасқан, соның 403-іне қысқа әзірлік жұмыстары жүргізілді. Пайызбен шақсақ, көп қабатты үйлердің 92 пайызы дайын. Сондай-ақ, ауданда 35 білім беру орындары бар. Олардың 32-сі қысқа әзір. Ал мәдениет және денсаулық мекемелері қысқа жүз пайыз сақадай-сай.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды