Алло, «Астана ақшамы»!

0 156

Жақыпбек ЖЕКСЕНҰЛЫ, елорда тұрғыны:
– Сарыарқа ауданының «Агрогородок» ықшам ауданына қарасты Дәулеткерей көшесінің бойындағы жекеменшік үйлер сүріледі деп естідім. Өзім осы жерде үй салып жатқандықтан, мұның қаншалықты шындық екенін нақтылап алсам деп едім.

Бұл сауалға Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бибігүл Мұхамеджанованың жауабын ұсынамыз.

 – Бұл көше бойындағы үйлер тұтастай сү­ріледі деген – жалған ақпарат. Мұнда тек заңды құжаты жоқ, ретсіз салынған үй­лер ғана бұзылады. Оның өзінде де күрелуі тиіс мекенжайларға алдын ала ескерту хат жолданатын болады. Егер үйіңіздің құжаты дұрыс болса, бұл үшін алаңдайтын дәнеңе жоқ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 16 =