«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 208

Марат АЗАТБЕК, қала тұрғыны:
– Жаз болса көше жөнделіп, күнделікті жүріп жүрген жолымыздан жаңылып қаламыз. Жөнделіп жатқан жол телімдерінен қалай айналып өтуге болады?

Оқырман сауалына Астана қалалық ІІД жауабын ұсынамыз.
Жоспарлы жол жөндеу жұмыс­тарының жүргізілуіне сәйкес, Сарайшық көшесінің Тұран даң­ғылымен қиылысындағы жол (Комсомольский кентінің бағытында), сонымен бірге Тұран даң­ғылының жергілікті өту бөлігін­дегі Ұлбике ақын көшесімен қиы­лысындағы жол осы жылдың 3 маусымнан бастап 3 шілдеге дейін жабылады.
Осыған орай, «Тұран даңғылы бойынша өту мүмкіндігін арттыру үшін «BUS LINE» жолағы екі жақтан да уақытша алынып тасталады да, барлық жолақ бойынша ортақ қозғалыс ұйымдас­тырылады. Сондай-ақ, Тұран даңғылынан Мәриям Жагорқызы көшесіне апаратын сол жақ бұрылысқа тыйым салынып, осы көшеден Тұран даңғылына шығу аталған даңғылдың жергілікті өткелі арқылы жүзеге асырылады» делінген ресми хабарламада. Демек, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағанда, Тұран даңғылының жабық учаскесін қоспауы­ңызды сұраймыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды