«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 171

Ақгүл Мейірова, зейнеткер:
– Артериялық қысымы жоғары пациенттерде, сонымен қатар, жүрек жеткіліксіздігі бар немесе жедел коронарлық синдромға шалдыққан пациенттерде инфаркт пен инсульт профилактикаcы үшін берілетін бірқатар дәрілерді қолданыстан тыйып жатыр екен. Денсаулығыма байланысты ішіп жүрген «Вазар 80 мг» дәріні енді не істеймін, қайда өткіземін?

Оқырман сауалына орай «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы міндетін атқарушы Берік Шәріптің мәліметін ұсынамыз:
– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті ішкі тексеріс жүргізу барысында «Вазар», «Нортиван» және «ВазарН» препараттарының тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы шешім қабылданғанын растады.
Егер қолыңызда емдеуші дәрігеріңіздің тегін рецептісі бойынша берілген мынадай нөмірлері бар 471217, 471317, 301717, 333217, 209917, 419817, 419917, 420017, 488117 «Вазар 80 мг» препараты болса, онда оны алған жеріңізге апарып өткізіңіз. Емдеуші дәрігеріңізден одан әрі қарай емді қалай жалғастыру туралы нұсқауын алыңыз. Одан кейін дәрігердің қайта тағайындаған дәрісін тегін алып, еміңізді жалғастыруға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды