©2020 Астана Ақшамы
Алло, «Астана ақшамы»!
Абзал НИЯЗОВ, елорда тұрғыны:
– Үйді банктен ипотекалық несие арқылы алған болатынмын. Жақында Ұлттық банк ипотекалық қарыз бойынша банктерге комиссия алуға тыйым салды деген ақпарат жарияланды. Бұл барлық шарттарға қатысты ма?
Оқырман сауалына ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің 1 тамыз күні жасаған мәлімдемесін ұсынамыз:
– «Ұлттық банктің бастамасы бойынша 2018 жылғы 16 шілдеден бастап Банктер туралы заңға ипотекалық қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банк шотын жүргізгені үшін банктердің комиссиялар белгілеуіне және алуына тыйым салды.
Осындай норма қазіргі кезде ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.
Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес барлық жеке тұлғаларға қатысты қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банк шотын жүргізгені үшін банктер комиссия алмайды».
Бұл комиссиялар тізбесін оңтайландыру үшін және қарыз алу және оған қызмет көрсету кезінде қарыз алушылардың шығыстарын қысқарту шеңберінде жасалып отыр.