«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 212

Рахатбай АЛЛАМҰЛЫ, қала тұрғыны:
– Соңғы күндері Астана қаласының көшелері жедел жәрдем көлігінің дабылынан шулап кетті. Қазір қаламыздың көлік иелері жедел жәрдем ылғи дыбыстық белгі беріп жүреді деп шұғыл, керек кезде жол бермей қоймауына кім кепіл?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті төмендегі өтінішті қарап, келесі ақпаратты жолдайды.
– 2017 жылғы 3 шілдедегі №450 «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көр­сету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының 2-тарауының 35-тармақшасына сәйкес, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайлары кезінде санитариялық автокөліктің кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін санитариялық автокөлік ЖМК бригадасы шыққан кезден бастап шақырту орнына де­йін және пациентті стационарға тасымалдау кезінде ең жоғарғы деңгейде арнаулы дыбыстық белгіні (сирена) береді және көк немесе қызыл түсті жарқылдауық маяк­ты іске қосуға құқылы екенін қаперіңізге саламыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды