ӘЛИЯ ЖҮЛДЕСІН САРАПҚА САЛДЫ

0 131

photo_45255

Астанада Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Әлия Жүсіпованың жүлдесі үшін көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтті. 

Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының қолдауымен өткізілген жарысқа Ресей, Беларусь, Сербия, Түркия, Тайланд, Вьетнам, Өзбекстан,  Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстанның жасөспірім гимнастшылары қатысты.

«Дәулет» спорт кешенінде екі күн бойы, бес жас мөлшері бойынша өткен турнирде қазақстандық гимнастшылар жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, 2001 жылы туғандар сайысында Алина Әділханова чемпион болса, 2000 жылы туғандар сайысында Медине Нұрғали, 2002 жылы туғандар сайысында Адиле Тлекенова, 2003 жылы туғандар сайы­сында Роза Абитова халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды. Өз жастары бойынша Даяна Әбдірбекова мен Диана Звонарева қола жүлдеге қол созды.

  Халықаралық турнирдің барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлерін атақты гимнастшымыз Әлия Жүсіпова өзі құттықтап, жүлделерін табыс етті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =