АЛИМЕНТ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ «АЛТЫН СЫРҒА»

0 157

алимент

Бұдан былай алимент төлемдерін өндіру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау барлық мемлекеттік органдардың басым бағыттарының бірі болмақ. Қазір Астана қаласының прокуратурасы борышкерлерде қаржының болмауы, азаматтардың жұмысқа орналаса алмауы сияқты мәселелерді алимент төлемдерін өндіру туралы сот актілерін орындау кезінде қиындықтар тудыратынын басты негіздер ретінде назарға алып отыр.

Расында, борышкерлердің алимент төлемдерін уақытылы төлемеу себептерінің бірі олардың жұмысқа орналаса алмауы, тұрақты жұмысы мен табыс көзінің болмауы болып табылады. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңына сәйкес жұмыс іздеуші адамдар тұрғылықты жерi бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін уәкiлеттi органға өтiнiш жасай алады.

Хабарламада жұмыс іздеп өтініш жасаған жұмыссыз азаматтарды тіркеу үшін қандай құжаттардың қажет екені айтылған. Азаматтар жеке куәлігін (төлқұжат), еңбек қызметін куәландыратын құжаттарын уәкiлеттi органға өтініш жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей өткізуі керек. Кейін олар компьютерлік деректер қоры болып табылатын өтiнiш жасаған адамдарды дербес есепке алу карточкасына жұмыссыздар ретiнде тіркеледі.

Жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз азаматтар уәкілетті органда тұрғылықты жері бойынша тіркелу керек. Сондай-ақ, олар күнтізбелік он күн ішінде кемінде бір рет уәкілетті органда белгіленіп тұруы тиіс.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + 18 =