Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР Статистика агенттiгiнiң төрағасы:

0 89

– Соңғы 20 жылда елiмiздегi халық санында үлкен оң өзгерiстер байқалды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы мәлiмет бойынша халық саны 16 млн 675 мың адамды құрады. Бұл – 2000 жылғы кезеңмен салыстырғанда 10,6 пайыз немесе 1 млн 773 мың адамға артық көрсеткiш. Ал перспективадағы онжылдыққа келетiн болсақ, бiз жыл сайынғы халық санының өсiмiн шамамен 200 мың адамға есептеймiз және бiздiң болжамымыз бойынша 2020 жылға таман халқымыздың саны 18,7 млн адамды құрайтын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + 18 =