Әлібек Дінішев– Еңбек Ері

0 67

Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев Әлібек Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды.

«Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін» делінген Президент Жарлығында.
Айта кетсек, КСРО халық әртісі кеше, 30 шілдеде өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Ол академиялық музыкамен қатар қазақтың халық әндерін, кеңес композиторларының әндерін, романс­тарды, сонымен қатар, итальян және испан тіліндегі әндерді орындайды.
Әлібек Дінішев 1951 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақстан Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (2001) және Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2012).

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − two =