ӘЛІ ДЕ САПТА

0 98

Биыл Ардагерлер ұйымының құрылғанына – 30 жыл. Атаулы мереке қарсаңында еліміздің әр түкпірінен келген ардагерлер елорда төрінде бас қосты. 

Қазақстан ардагерлер кеңесі мен ҰОС мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальдің қолдауымен бильярдтан өткен республикалық шараға аудандық турнирлерде үздік деп танылған 15 ардагер қатысты. «Біріншіден, мерейтойды атап өту болса, екінші жағынан, жастарға ардагерлердің сала­уатты өмір салтын қалай ұстанатынын көрсету. Ардагерлердің қызығушылығы өте жоғары деңгейде болды, алдағы уақытта жыл сайын өткізуді қолға алмақпыз. Жарысқа тек 65-тен асқан ардагерлеріміз қатысуда» дейді Ардагерлер кеңесінің хатшысы Көпболсын Бекмағанбет.  Сонымен, бірнеше сағатқа созылған жарыста үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Абдуғай Бекжанов жеңіп алды. Астана қаласының намысын қорғаған Боранбай Жарылқағанов екінші орынды иеленсе, бас жүлдеге Ақмола облысынан келген ақсақал Марат Досқожин лайық деп танылды.

Әсел ӘМІРЕ,
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + nineteen =