Алғысқа арналған ескерткіш

0 28

Елорданың 20 жылдығында «Өңірлердің астанаға тартуы» жобасы аясында Қарағанды облысы бас шаһарға «Қазақ еліне мың алғыс» монументін тарту етті.Бұл монумент «Ұлытау» аллея­сы мен Түркістан көшесінің ортасында орналасқан. Ескерткіш Қазақстан халқы ассамблея­сының ұсынысымен бой көтерген, биіктігі 14 метрді құрайды. Ол көркем үлгідегі төрт мүсіннен құралған. Композицияның ортасында үш баланы құшағына басқан қазақ әйелінің бейнесі бар. Яғни бұл – халқымыздың қамқорлығына алған өзге ұлт өкілдерінің балалары. Ең үлкен бала – кавказ ұлтының, Еуропа халқының қызы мен ең кіші ұл – кәріс. Қола мүсін қиын-қыстау жылдары елімізге жер аударылған ұлт өкілдеріне қамқор болған ұлтымыздың бауырмалдығын, мейірімділігін көрсетеді. Монументтің авторлары – сәулетші Серік Рүстембеков пен мүсінші Ренат Әбенов. Қос автор монументті жа­сау­ға үш ай еңбектенген. Архитектор Серік ағамыз бір сөзінде аталған ескерткіш Елбасының бастамасымен салынғандығын айтыпты.
Монумент ашылғанда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы барып көрді. Әсіресе «Қазақ еліне мың алғыс» монументінің маңызына тоқталып, Қарағанды облысының сыйлығына ризашылығын білдірді.
Қазір «Қазақ еліне мың алғыс» монументі орналасқан жер – елордалықтар жиі се­руендейтін аллея­ның бірі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five + 17 =