Алғыс алған аудармашы

0 19

Абайды вьетнам тілінде сөйлеткен аудармашы Президенттің алғыс хатын алды.Салтанатты рәсім барысында Елші Ерлан Байжанов Қазақстан мәдениетін Вьетнамда кеңінен насихаттағаны үшін шын жүректен ризашылығын білдіріп, марапатталған азаматқа шығармашылық табыс тіледі.
Өз кезегінде вьетнамдық көркем аударма шебері оның жұмысына жоғары баға бергені үшін шынайы алғысын айтып, Қазақстан Президентіне жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізуді сұрады.
– Күтпеген құрметке бөлінгеніме өте қуаныштымын. Қазақстан Президентінің осы шешімі мені қазақ халқының бірегей бай мәдениетін Вьетнамда насихаттау­ды жалғастыруға құлшындырады, – деді Доан Зань Нгиеп.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × 4 =