«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алғашқы жеңілістің ащы дәмі

0 188

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғаған жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварестен жеңілді.

Бұған дейін бір рет жұдырықтасып, бір-бірін ала алмаған қос мықтының осы жолғы кездесуі жеңіспен аяқталды. Лас-Вегасте өткен жылдың айтулы айқасы 12 раундқа созылды. Қазылар алқасының шешімімен жеңіс «Канелоға» бұйырды. Төрелік айтқандардың екеуі жеңісті есеп тіркесе, біреуі тең түсті деп санады.
Осылайша жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин алғашқы жеңілістің дәмін татты. Ол бұл жекпе-жекке дейін кәсіпқой боксшы ретінде 38 рет шаршы алаңға шығып 37-сінде жеңіске жетсе, біреуінде тең түскен. Соның 34-ін нокаутпен аяқтаған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды