АЛҒАШҚЫ САБАҚ АТА ЗАҢ ТУРАЛЫ

0 270

заң бала

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде Конституция және Білім күніне ар­налған «Тәуелсіздігімнің тірегі – Ата заң» атты мерекелік сабақ өтті.

Мерекелік шараны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

«Бұл сабақта балалар Ата заң туралы жан-жақты мағлұмат алды. Биыл бізде алғашқы патриоттық сабақ Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге өткізіліп отыр. Орталығымыздың аға оқытушысы Әсия Әділқызы еліміздің бас заңдық құжатын балаларға ұғынықты тілде жеткізе алды» дейді Музей педагогикасы орталығының жетекшісі Рауза Қазбекова.

Музейде өткен сабақ­тан естелік ретінде ұйым­дастырушылар мек­теп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған оқу­шы­ларға арнап сый­лықтар табыстады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + 15 =