Алғашқы қоңыраудағы айтулы шаралар

0 145

Астанада биылғы жаңа оқу жылы жақсы басталды. Алғашқы қоңырау салтанатында мұғалімдер қатарының жас мамандармен толыққандығына көз жетіп, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің де аз еместігін аңғардық. Мерекелік іс-шаралар мейірлі ұстаздардың мерейін үстем етіп, оқушыларды шат-шадыман күйге бөледі.

Ата Заңмен астасып…

Алдымен ҚР Тұңғыш Прези­дентінің Мұражайы және «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі бірінші сыныбының 30 оқушысы Конституция күніне арналған «Білім әлеміне саяхат»­ атты 40 минуттық алғашқы саба­ғын­ өткізді. Балалар мектеп табал­ды­ры­ғын аттай отырып, сол сабақ арқылы еліміздің Конституциясында жазылған өздерінің құқықтары мен міндеттерін білетін болды. Осы­ орайда, олар білім әлеміне қызық­ты саяхат жасап, еліміздің негіз­гі құжатын әзірлеу тарихымен және Елбасы Н.Назарбаевтың Ата заңы­мыздың жобасын жасаудағы рөлі­мен танысты. Шара соңы арнайы әзірленген вокалдық-хорео­гра­фиялық композицияға ұласып, оқушыларға алғашқы сабақтан есте­лік ретінде сыйлықтар мен кәде­сый­лар табыс етілді.

Бұл ретте, жыл сайын алғашқы қоңырауға дейін Астана қала­сы­­ әкім­ді­гінің қолдауымен ұйым­дас­ты­ры­лып тұратын дәстүрлі «Мектеп жәрмеңкесін» де айта кеткен жөн. «Мектепке жол» акция­­сы аясындағы бұл шара Астана,­ Қара­ған­ды және Шымкент қалаларынан келген 40 кәсіпкердің қатысуымен қалалық алаңда өткен еді. Онда мектеп формасы, аяқ киімдер, кеңсе заттары, рюкзактар, оқулықтар және басқа да керек-жарақтар төмен­де­тіл­ген­ бағамен сатылды. Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Лариса Темірлинаның айтуынша, күннің күрт суытып кетуіне қарамастан, Конституция күнімен тұспа-тұс келген айтулы шараға тұрғындар белсенді түрде қатысқан.

Оқу үшін бәрі дайын

Тура Білім күні қарсаңында жаңа­дан 1200 орынға есептелген­ №71 мектептің ашылу салтана­ты өтті­ және №60 мектеп-лицейінің «Алғаш­қы қоңырау» мерекесіне Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов пен қалалық Білім басқармасының басшысы Әсима Бимендина келді. Олар ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты алғашқы қоңыраудан кейінгі алғашқы сабаққа қатысты. Одан кейін мектепті аралап, білім орда­сы­ның тарихымен танысып, ұстаз­дар­мен жиналыс өткізді.

Ал, елордалық 83 мектепте бір уақытта сәтті жалғасын тапқан мере­ке­лік іс-шаралар аясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева №15, 21, 36, 49, 61 мектептер мен лицейлердің ұжымымен кездесті.

«Сендердің басты мақсаттарың – жақсы білім алып, Қазақстанның лайықты азаматы болу. Мәде­ние­ті­мізді, тарихымызды біліп, мем­ле­кеттік тілді құрметтеп, меңгеру шарт. Отанымыздың патриоты болу – бәріміз де мақтан ететін өз мек­те­бімізді, ауламызды, қаламызды сүюден басталады» деді Аида Ғалымқызы, оқушыларды Білім күнімен құттықтай отырып. Оның айтуын­ша, Астананың барлық мек­теп­­тері педагогтармен толық қам­та­масыз етілген.

Енді 2013-2014 оқу­ жылы әрбір педагогикалық ұжым­ның­ қыз­ме­тін­дегі негізгі бағыт – мем­­ле­­кет­тік стандарттарға сәйкес білім беру сапасын арттыру болуы тиіс.

«Жыл соңына дейін тағы 2 мек­теп­ ашу жоспарланғанмен, әлі де оқу­ орын­да­рының тапшылығы сақ­та­лып отырғаны рас. Мұның басты себебі, туу санының артуы мен халық­тың­ көші-қоны болып табылады. Биыл­ғы жаздың өзінде көші-қон үде­рі­сі бойынша Астанаға 4 мыңнан астам оқушы келген» дейді әкім орын­ба­сары. Соған қарамастан, бүгінде барлық мектептердің оқулық­тар­мен қамтамасыз етілуі 98,4 пайызды құрапты. Оған қоса, бала ағзасын қалыптастыруда маңыз­ды рөл атқаратындықтан, елор­да­ның барлық мектептерінде ыстық тамақ берілетіндігін ескерген абзал. Асханалар жаңғыртылған техни­­ка­лық қондырғылармен түгел жаб­дық­талған. Соның арқасында оқу­шы­лар­дың­ 75,5 пайызы ыстық тамақпен, қалған 24,5 пайызы буфеттік тамақ­тан­дырумен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, 1 қыркүйек қарсаңында №52 мектеп-гим­на­зия­сы­ның базасында да аз қамсыз­дан­ды­рылған және көп балалы отба­сыдан шыққан 20-дан астам оқу­шыға мектеп жабдықтары үлес­ті­рілді. Бұл шараны Балалардың құқық­тарын қорғау басқармасы Дін істері басқармасымен бірлесе ұйымдастырған.

Қауіпсіздік қадағаланды

Білім күнінде Астана қаласы ІІД­ Әкімшілік және жол поли­ция­сы қызметкерлері мен Білім басқармасының өкілдері ұйым­дас­тыр­ған «Балалардың қауіпсіздігі» қалалық акциясы да жаман өткен жоқ. Іс-шара барысында Жол полициясы қызметкерлері мен ювеналды полиция бөлімшелері қаладағы №3,­ №16, №65, №67, №71 орта мек­теп­терінде балалардың жол-көлік­ травматизмі тақырыбында сөз­ сөйлеп, жаңа оқу жылының линей­ка­сына қатысты. Сондай-ақ,­ орта білім беру мекемелерінің оқу­шы­ларына және ата-аналарға поли­ция қызметкерлерінің кәме­лет­ке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша жүр­гі­зілетін жұмысы, сондай-ақ,­ кә­ме­лет­ке толмағандардың қоғамдық орындардағы, білім мекемелеріндегі және жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы айтылды.

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty + six =