Алғашқы қоңырау жексенбіде соғылады

0 115

Биылғы қыркүйектің 1-і, яғни Білім күні жексенбіге келіп тұр. Солай болғанымен, қалыптасқан дәстүр бойынша алғашқы қоңырау дәл осы күні соғыла бермек. Сондай-ақ, Астана қаласының Білім басқармасы қыркүйектің 1-і мен 2-сі күндері елорданың барлық мектептерінде патриотизм сабақтарын өткізеді.

Қазір соған қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Білім саласының білікті мамандары отандық оқу­шылардың патриоттық пайымын пысықтайды. Еліміздің өткенін, бүгінін және келешегін байланыстыратын батырлар баяны, бабалар аманаты, мемлекеттік идео­логия үдерісі жөнінен түсіндіру жұмыстарын жасайды. Қысқасы, мектеп жасындағы балалар осы бір сана, жүрек, иман, иба сабақтасқан сауапты сабақ арқылы жан-жақты ілімге қанығады.
Кейінгі буынның шамасын же­тіл­діріп, санасын шыңдайтын мұн­дай шараның қатары арта түссе, құба-құп.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 + ten =