Алға, Қазақстан!

0 45

Жапония астанасы Токиода XXXII жазғы Олимпиада ойындарының жалауы көтерілді.Төрткүл дүниені дүбірге бөлейтін сайыстардың салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан туын Олимпиада ойындарының чемпионы, жеңіл атлет Ольга Рыпакова мен бокстан ұлттық құраманың капитаны Қамшыбек Қонқабаев көтеріп шықты. Токио ойындарында 96 қазақстандық 27 спорт түрінен бақ сынайды.
Бүгіннен бастап бірнеше қазақстандық спортшы Олимпиада жүлдесі үшін сынға түседі.
Осыған дейін ел жанкүйерлерін алаңдатып келген Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты мәселесі де кеше оң шешімін тапты. Жапониялық «Dentsu Inc.» компаниясымен келіссөздер нәтижелі аяқталып, Токио Олимпиадасы мен 2022 жылғы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындары «Қазақстан», «Хабар» және «Қазспорт» телеарналарынан көрсетілетін болды.
Сонымен, пандемия жағ­дайына байланысты бір жылға шегерілген байрақты бәсекелер басталды. Олай болса «Алға, ­Қазақстан!» деп, жеңісті сәттерге үміт етейік!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + four =