Әлеуметтік жобалар әлеуеті

0 13

Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы аясында Мейкатон «TOM: Nur-Sultan» әлеуметтік жобасының бірінші IDEATHON кезеңі өтті.IDEATHON – бұл Нұр-Сұлтан қаласының оқу орындарынан құрылған командалардың мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсарту бойынша өздерінің идеяларын қазылардың алдында таныстыратын шара.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткен елордадағы Мейкатонның ұйымдастырушылары – жылдағы дәстүр бойынша «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен ҚР Тель-Авив университеті достар қауымдастығы. Биыл ұйымдастырушылар қатарына «Astana International University» университеті мен «GreenTal» әлеуметтік шеберханасы қосылған.
Мейкатонның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға және олардың қалыпты өмірде ұйымдарға бейімделуі бағытындағы қолжетімді бағада ұсынылатын ыңғайлы құралдарды құру. Қатысушылар мынадай идеяларын ортаға салды: нашар көретіндерге арналған құрылғы. Ол белгілі бір кедергіге дейінгі қашықтықты өлшеп, қатты немесе әлсіз вибрация береді; мүгедектер арбасын модификациялау; мүгедектер арбасына арналған электр жетегі. Ол протездерді жеке қиыстыру бойынша конструкторлық бюро және протездерді жаңғырту бо­йынша конструкторлық бюро.
Қазірдің өзінде екінші кезеңге өтетін жобаларды іріктеу жүргізілді. Командалар мүмкіндігі шектеулі адамдармен кездесіп, өз идеяларын пысықтайды. Сол сияқты реабилитология, хирургия және IT саласындағы мамандардан кеңес ала алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + 17 =