Әлеуметтік желінің әлегі

0 5  759

Мәліметтерге сүй­­ен­­сек, Қа­зақ­с­­тан­да­­ 5,6 мил­лион адам­ әлеу­­меттік же­­лі­­­лер­­ді күн­де­­лік­­ті­ пай­да­ла­на­ды­ екен. Ең танымал­ әлеу­­мет­­тік же­лі­лер­дің­ қатарында күніне 1 млн. 125 мың рет қаралатын «Мой мир», 558 мың рет қа­ралатын «Одноклассники», 252 мың рет қаралатын «В контакте», 410 мың рет қаралатын «Facebook» -ті­ жатқызуға болады. Өкінішке қарай, қа­зақс­тан­дық­ ешбір сайт, портал мұн­дай­ кең аудиторияны әлі күнге дейін қам­ти алған жоқ. Күніне 350 мың қа­зақс­тандық ұялы телефонмен «mail.ru agent»-ті тұтынады.

Өйткені, бұл – ақпарат алмасудың тиімді әрі ар­зан­ жолы. Әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі­ жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді. Тар­қатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпар беретін болып шыққан. Интернеттің пайда болуы ғылым мен өркениеттің ірі жетістігі екені белгілі. Осынау ғаламдық желіде сәт сайын жаңарып, толығып тұратын ақпараттардың толассыз легі арқасында дүниенің түкпіріндегі маңызды оқиғаларды қалт жібермей қадағалайтын болдық. Қуанарлық жағдай. Бірақ біз интернеттің ұшан-теңіз пайдасынан гөрі зиянды тұстарын айтпақпыз. Басқасын айтпағанның өзінде, «Интернетке тәу­ел­ді­лік» дейтін жүйке дертінің атауы ғылыми ай­на­лымға енгелі біраз жылдың жүзі болды. Таяу­да шет елде бір азамат онлайн-қызметтер үшін бар жиған қаражатын ысырап қылыпты. Соның кесірінен баспанасынан да айырылған. Үйсіз-күйсіз тентіреп, далада қалған ол ұрлыққа түскен жерінен ұсталыпты. Ал, Астанада бір қыз бала үшін желі арқылы таныстық үлкен қасіретпен аяқталыпты. Әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқан ол әлгімен белсенді түрде хат жазысып, оның соңы кездесу жөніндегі ұсынысқа ұласқан.

Қауіп жөнінде ешнәрсе сезбестен қыз күдікті досымен кездесуге барады. Сөйтсе, онымен хат жазысқан өзінен әлдеқайда ересек азамат екен. Ол өз анкетасында жасын 15 жылға жасартып көрсетіпті. Танысып үлгерместен жігіт қызға қырындап, тұр­пай­ы ұсыныстар жасай бастаған. Қарсылыққа тап болған ол көлік есігін құлыпқа жауып, қызды жә­бірлеген. Қазір әлеуметтік желі арқылы танысып,­ ұзақ­­қа бармай ажырасушылардың қатары да кө­бей­іп барады. Сондай-ақ, үйленетіндердің 30 пайы­зы әлеу­меттік желілердің салдарынан ажырасады ек­ен.­ Айта берсек, мұндай деректер толып жатыр. Сон­дық­тан желілік коммуникацияны ақпарат құ­ра­лы­ ре­тін­де­ бағалап, саяз ойдың жетегінде кет­пей,­ желілік байланыс құралын дұрыс мақсатта пай­да­ла­найық. Желілер торабы адамдарға қызмет етуші функция ғана. Саналы басты бір құралға тәуелді етпей, оны санаға бағындырайық!

Еркежан СӘТІМБЕК,
е.satimbek@astana-akshamy.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + six =