Әлеуметтік саясат және еңбек құқығы

0 656

Мемлекет басшысы­ Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Cтратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидалары туралы айтқанда, «біріншіден, мемлекет, әсіресе, жаһандық дағдарыс жағдайында, азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігін беруге тиіс» деп атап өтті.

Негізінде, еліміздегі әлеуметтік саясат қазақ­стан­дықтардың өмір сүру деңгейін көтеруге, тұл­­ғаның жан-жақты дамуына тиісті жағдай жа­­сау сияқты маңызды мақсаттарға жетуге ба­­ғытталған. Бұл саясаттың жүзеге асуы мен ша­­ралары, әлбетте елдің экономикалық даму дең­­гейімен анықталады.

Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың ма­ңыз­­ды нұсқасы және оның кепілі – құқық, әсіресе, еңбек құқығы. Құқық аясында тек қана мемлекеттік және қо­­ғам­­дық өмірдің негізі, дамудың мақсаты мен ба­­ғыты қаланып қана қоймай, сонымен қатар бұл мақсаттарға жылжудың әдістері мен форма­­ла­­ры нақты орнығады, қоғам, ұжым, тұлға дең­­гейіндегі әлеуметтік даму жолдары мен шарт­­­тары анықталады.

Экономикалық даму – маңызды фактор

Әлеуметтік саясат – әрқашан елдің эко­но­ми­ка­лық дамуын жеделдетуші, жұмысшылардың еңбекке деген құлқын күшейтуші мықты құрал және қоғамның саяси тұрақтылығының маңызды факторы. Бұл саясат адамның еңбек саласындағы қызметіне бағынышты болмауы мүмкін емес, себебі, материалдық игіліктердің негізгі бөлігі тап осы еңбек саласында бөлінеді. Бұл ретте мемлекеттің әлеуметтік саясатының мақсатына осы игіліктерді өз еңбегімен жасайтындардың мүдделері мен қажеттіліктерін толықтай ескерсе ғана жетеді. Осы мағынада жеке тұлғаның жағдайы бастысы әлеуметтік- еңбек қатынастарының жүйесіндегі жағдайымен анықталады деп атап айтуға болады, сондықтан еңбек құқығына елдің азаматтарының әл-ауқаттарын көтерудегі басты рөл тиесілі.

Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының 2009-2012 жылдарға арналған адам құқығы саласындағы іс-шаралардың Ұлттық жоспарында басты назар аударылған, мұнда республикада халықтың жұмыспен қамтылуы саласындағы, әсіресе, «халықтың өз бетімен жұмыспен қамтылуы» туралы саясатты қайта қарау туралы қажеттілік әлдеқашан туындағаны атап көрсетіледі. Ресми мәліметтер бойынша олардың саны 34,7% құрайды. «Өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың» көпшілігі – әйелдер, оларға жүктілік пен туу туралы, еңбекке қабілетсіздік күндері бойынша медициналық қағаз берілмейді, жылдық демалыс күндері болмайды, міндетті жиынтық зейнетақы жарналарының есептелуі жүргізілмейді, олар денсаулыққа зиян келтіргені үшін міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатпайды.

Еңбекақы саласында да мәселелер орын алуда. Елдегі ең төменгі еңбекақы балық аулау мен балық өндірісінің жұмыскерлерінде сақталып отыр, оның мөлшері – 30885 теңге, яғни елдегі орташа көрсеткіштен 53,8% төмен. Ауыл шаруашылығында еңбекақы бар болғаны 29324 теңгені немесе елдегі орташа көрсеткіштің 59,4% құрады, денсаулық сақтау мекемелерінде бұл көрсеткіш – 47674 теңге немесе 34,7%, білім саласында – 41564 теңге немесе 42,5% құрады.

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Еңбек Ұйымы (МОТ) арасында «Тең құндылықты еңбекке ерлер мен әйелдерге тең сыйақы беру туралы» Конвенция ратифицияланғанына қарамастан жалдамалы әйел жұмысшылар ерлерге қарағанда 32-45% төмен еңбекақы алады.

Өмір сапасы – өзекті өлшем

Қазіргі уақытта өмір сапасын арттырудың ұлттық стандартын қалыптастыру бойынша тапсырмаларды орындау үшін мемлекет басшысымен әлеуметтік саясатта жаңа параметрлер енгізілді – жалпы ішкі өнімді екі еселеу арқылы мемлекеттің әлеуметтік шығындарының тәжірибе жүзінде екі еселенуіне қол жеткізу және өмір сапасының екі еселенуіне жету. ҚР Президенті жанындағы адам құқығы бойынша комиссия шешімімен ҚР Үкіметіне әлеуметтік серіктестермен бірге ҚР әлеуметтік саясатының негіздері туралы Концепцияны қабылдау және жасау ұсынылған, оның ішінде келесідей ҚР жаңа заңдарын жасау және қабылдау: «Ең төменгі еңбекақы туралы», «Жұмыс берушілер туралы»; ҚР Парламентіне МОТ №131 «Ең төменгі еңбекақыны енгізу» туралы Конвенциясының ратификациясына, №95 «Еңбекақының қорғалуы туралы», №26 «Ең төменгі еңбекақының енгізілу тәртібін құру туралы», №103 «Ананы қорғау туралы» енгізу туралы ұсыныс жасалған. Бұл еңбек қатынастарының халықаралық-құқықтық реттелу нормаларында көрсетілуі міндетті, әсіресе, еңбекақы төлеудің басты принципі жұмыскерлерді жалған төменгі еңбекақыдан және олардың еңбектерінің шектен тыс тасымалдануынан қорғау болып табылады.

Еңбекті реттеудің халықаралық-құқықтық маңызды принциптеріне еңбекті төлеудегі кемшілікті жою және тең құндылықтағы еңбекті тең бағалауды енгізу де жатады. Сөз әйелдер, жасөспірімдер және егде жастағы жұмыскерлердің еңбегін төлеу туралы болғанда бұл принциптердің орындалуы өте маңызды.

Заңдылықты сақтау – негізгі талап

Еңбек заңнамасының бұзылуы қазіргі уақытта жұмысшылардың еңбегін еңбек шартын құрмастан пайдаланудан, еңбек шартының мазмұнының заңға сәйкес келмеуінен, заңсыз еңбек шартын бұзудан, демалыс және еңбек уақыты режимін бұзудан, еңбек демалысын өз уақытында бөлмеуден, жалақыны өз уақытында төлемеуден туындайды. Тағы бір мәселе жұмысқа қабылдауда кемсітушілік боп қалады. Шағын және орта бизнес cаласында жұмысқа қабылдауда жаңа «критерийлер» пайда болды (әйел адамдар үшін –35 жастан, ер адамдар үшін – 40 жас-тан аспау).

2008 жылғы еңбек инспекторларының тексеріс нәтижесі бойынша заңсыз жұмыстан шығару туралы 649 факт анықталды. Жұмыс берушілерге қатысты жіберілген заң бұзушылықтар үшін 208 ұйғарым шықты, 2,0 млн тенгеден астам сомада 154 әкімшілік айыппұлдар салынды.

1991 жылы 22 қарашадағы «Азаматтардың және адамдардың еркіндігі мен құқығы декларациясының» 2б.23 тарауында қауіпсіздік пен гигиена, ешқандай кемсітушіліксіз бірдей еңбекке бірдей жалақы төлеу және заңмен бекітілген минималды мөлшерден төмен болмау талаптарына жауап беретін еңбек шартына әрқайсысының құқығын жазып қойған. Бірақ, өкінішке қарай, Қазақстанның бұл заңы еңбек шартының тиісті деңгейде қамтамасыз ету механизмін орнатпайды. Техникалық қауіпсіздік ережелерінің жиі бұзылуы, үлкен зақымданушылық, тозаңдылық, газдылық, сілкініс, шу, т.б. сияқты жұмысшылар денсаулығына кері әсерін тигізетін жайттар әдеттегі жағдайларға айналды. Жастар, әйелдер, мүгедектер құқығын қорғау аз ұсынылады. Бұл фактілер бәрінен бұрын өндірістің төменгі техникалық және технологиялық еңбекті қорғау заңнамасының бұзылуымен ескертіледі.
Қазіргі жағдайда көпшілігі кәсіподақтың еңбек қатынастарын реттеудегі орнын анықтауға байланысты, өйткені, меншік иесі ұстанымының күшеюі осы әлеуметтік қорғау еңбек қызметкерлеріне кәсіби қызығушылық әкелетін дәл сол қоғамдық ұйым жағынан қамтамасыз етілуі тиіс деп талап етіледі. Ол үшін кәсіподақ мемлекеттік басқару органдарынан тәуелсіз және заңмен бекітілген шекте қызмет ететін өзіндік қоғамдық ұйым болуы тиіс.

Е.НҰРҒАЛИЕВА,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы

А.КАРИБАЕВА,
құқық магистрі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × two =