ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЯСЫ КЕҢЕЙДІ

0 96

Биылғы Астана күні қарсаңында «Караван-2» тұрғын үй кешенінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызілікті қарттарға арналған әлеуметтік оңалту орталығы ашылады. Бұл – әлеуметтік саланы дамытудың бірден-бір көрінісі. 

Алматы ауданы әкімінің аппараты жанында 2005 жылдан бастап жалғызілікті қариялар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көр­сету бөлімшелері жұмыс іс­тей­ді. Мұндағы екі бөлім­нің қыз­меткерлері 170 адам­ға қыз­мет көрсетеді.

Бөлім меңгерушілерінің бірі Айгүл Майкошеваның айтуынша, бұл қызметте жай адам жоқ. Әлеуметтік жұмыс, ең алдымен, қайы­рым­­дылық іс. Жат пен жақы­­ның­ды бірдей көріп, қайы­­рым­­ды­лық таныту кез кел­ген­нің қо­лы­нан келе бер­мейді. «Әлеу­меттік қызмет­кер­лер­дің жа­ла­қы­сы өте тө­мен, кейде атқарылған ең­бек­тің басты бағасы ал­ғыс қана болатыны да белгілі. Алайда, солай бола тұр­­са да, осы мамандық бойын­­ша қызмет жасап жүрге­­німе қуа­­ныш­­тымын» – дейді ол.

Бүгін екі бөлімде 29 қыз­меткер жұмыс істейді. Олар­дың қатарында 2 меңгеруші, 2 психолог, 2 кеңесші және 1 фельдшер бар. Бұл маман­дыққа келгендердің дені – мұғалімдер мен дәрі­гер­лер. Себебі, аталған кә­сіпте адамдардың жан дү­ниесін түсіне білетін адам­ның бо­луы міндетті. Жұ­мыс­тың не­гізгі принципі – жаттың проблемаларына нем­­­құ­­рай­лы қарамау. Ал, қыз­­­мет­­­кер­­лердің басты мақ­­саты – зейнеткерлер мен мүм­­­кіндігі шектеулі жан­­дарға әлеуметтік-тұр­мыстық қызметтер, мем­ле­кет­­тік, әлеуметтік, ме­ди­­­ци­налық кеңес беру жә­не басқа да көмек түр­ле­рін алуға жәрдемдесу. Жа­­қын­да жал­ғызілікті қа­риялар әлеуметтік қыз­мет­керлермен бірге Астана қа­ла­­сының Успения кафед­рал­ды соборына барып, мәс­кеулік Әулие Матронаға бас иіп қайтты.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + eight =