Әлеуметтік қолдау – онлайн диалогта

0 11

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің «Antikor ortalygy» сервистік орталығында «Адал көмек» жобасы аясында «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесінің жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Мирас Шекенов және «Мемлекеттік сақтандыру қоры» АҚ әлеуметпен байланыс департаментінің директоры Гүлбағила БОЛАТБЕКОВАНЫҢ қатысуымен азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша онлайн сұхбат өтті.Гүлбағила Болатбекова диалог барысында Facebook желісінің пайдаланушыларына ТЖ режимін енгізуге байланысты кіріс жоғалту бойынша әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелер туралы толығырақ айтып берді.
Бұл әлеуметтік төлемдер ТЖ салдарынан уақытша жұмыссыз қалған адамдарға, атап айтқанда, шағын және орта бизнес қызметкерлері, ЖК өкілдері, жеке практикамен айналысатын адамдар, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бар азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) келісімдер бойынша табыс алатын жеке тұлғаларға төленетін болады.
Гүлбағила Болатбекованың айтуынша, әлеуметтік төлемдер төтенше жағдай кезінде жүзеге асырылады, бүгінгі таңда 4 млн теңгеден астам қаржы төленді, әлеу­меттік төлемдерді ұзарту мәселесі бүгінде ашық және ҚР Президентінің төтенше жағдай режимін ұзарту туралы шешіміне тікелей байланысты болады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында осы және басқа да өзекті мәселелер қаланың мемлекеттік органдарының мамандары мен басшыларының қатысуымен күнделікті «Antikor ortalygy» алаңында «Астана – адалдық алаңы» және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің Facebook парақшаларында қаралады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × two =