Әлеуметтік қамқорлықтың аясы кең

0 102

Астана локомотив жөндеу депосының еңбек ұжымы «ТЭП-70» тепловоздарына, «ВЛ80Т», «ВЛ60Т», «КZ4F» сериялы электровоздарға техникалық қызмет көрсетіп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Компания барлық стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда­  адам капиталын тиімді пайдаланып, ұтымды басқару ісін жетілдіруге мән береді. Қолданыстағы нормативтік-құқық­тық­ актілерге сәйкес жұмысшылардың негізгі мүдделерін, еңбек ету құқыларын қорғау, тиімді жұмыс жағдайымен қамтамасыз ету жолға қойылған. 

Біз негізінен Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Еңбек кодексі, «Кәсіп­тік­ одақтар туралы» заңның, өзге де нормативтік-құқықтық акті­лер­­дің,­ сондай-ақ, Әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық мәселелер жөнін­де­гі 2012-2014 жылдарға арнал­ған­ салалық келісім негі­зін­де бекі­тіл­­ген ұжым­дық шарт­тың­ та­лап­­­­та­­рын бас­шы­лық­­­қа аламыз. Атал­ған құқық­тық құжат­­тар­­дың бар­лы­ғы жұмыс­шы­лар­­дың­ заң­ды мүд­де­ле­рін қорғау қағи­дат­та­рын негізге ала отырып, тиімді жұмыс ырға­ғын қамтамасыз етуге­ бағыт­тал­ған. Әсіресе, еңбекті қорғау жөнін­­­де­гі іс-шаралардың орындалуына септігі мол.

Құзыретті мемлекеттік ор­ган­дар бекіт­кен еңбек ету жағ­дай­ла­ры­ның талаптарында­ зиян­ды да қауіпті маман­дық иеле­рі­не бірқатар жеңіл­­дік­тер қарас­ты­рыл­ған. Олар­ға қосым­ша дема­лыс пен қыс­қар­тыл­ған күн тәртібімен жұмыс істеуге мүм­кін­дік­тер бері­ле­ді.
Мамандардың білігін арт­ты­­рып, білімін жетілдіру, инже­нер­лік және заманауи техника маман­да­ры­ның кәсіби машығын дамыту – компа­ния­­дағы кадр саяса­ты­ның басты­ бағыты. Бұның бәрі жылдық жос­пар­ға сәйкес бюд­жет­тен бөлінетін қара­жат шегін­де жүзеге асырылады.
Жыл сайын қызметкерлердің біліктілігін жетілдіріп, кәсіби дең­­гей­­ін көтеру үшін оқу орта­лық­тарының ауқымы кеңеюде. Өткен жылы сырттай оқу саласында 3000 қызметкер оқыды. Өндірістен қол үзбей оқу – кәсіп­орын қызметкерлерінің кәсіби дамуының алғышарты. Осыған орай компанияның өндірістік филиалдарында 6550 жұмыскер негізгі кәсібі бойынша білімін көтерді. Оның ішінде жаңа тех­но­логия бойынша 1190 жұмыс­кер­ қайта даярлау курсынан өтті. Кәсіпорындағы ауқымды жұмыс­тар­дың бір арнасы – жастар саяса­ты­на байланысты екенін айтуымыз керек.

Еліміздегі жоғары оқу орындары түлектерінің арасынан дарынды жастарды тауып, кәсіпорынға жұмысқа тарту арқылы кадрлық резервті қалыптастырып келе­міз.­ Бұл ретте жастардың инно­ва­ция­лық­-шығармашылық қызметін қолдап, кәсіби шеберліктерін шың­дау­ла­рына, жемісті қызмет ету­ле­ріне барлық жағдай жасалуда.

Жастарды қолдау бағдарламасы аясында шипажайларға, демалыс­ үйлеріне және турбазаларға жолдама беріледі. Жас отбасылар балаларының жазғы демалысын ұйым­дас­тырып қана қоймай, олар­ға түрлі киім-кешек, оқу құ-р­ал­­да­рын сатып алу үшін қара­жат бөлінеді.
«Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі». Осы қағи­дат­ Ел­ба­сымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мем­ле­кеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әлеуметтік сая­сат­тың жаңа ұстанымы ретін­де қа­рас­ты­рылды. Демек, әр кәсіп­орын­дарда атқарылып жатқан осындай әлеуметтік шаралардың нәти­жесінде азаматтардың бақуат­­ты­ғы арта берері аян.

Қолғанат ЖҮСІПОВА,
«Қамқор-Менеджмент»
ЖШС-нің­ басқарушы директоры

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 1 =