Әлеуметтік осал топтарға көмек берілді

0 49

Алғыс айту күні астаналық әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды.

Бас шаһарда Алғыс айту күніне орай әрі егемендіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Magnum Cash & Carry» сауда орталығының қолдауымен «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға, «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне және Ауған соғысы ардагерлеріне азық-түлік себеттерін табыстады.
Аталмыш шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының жастармен жұмыс бөлім басшысы Ақұлан Тастемір, «Астана жастары» ЖРО өкілі Арайлым Сапарәлі, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысты.
– Елордалық «Жас сарбаздар» мереке сайын құттықтап, қолдау білдіріп жүреді. Қақаған қыста қар күреуге көмектесіп, ыстық бауырсақтары мен шайын ұсынып, көңіл күйімізді көтеріп тұрады. Осындай жастар барда еліміздің дамуына үмітіміз мол. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, «Жас сарбаздарға» алғыс білдіреміз, – деді «Астана тазалық» ЖШС қызметкері Г.Сәдуақасова.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × two =