Әлеуметтік нысандарды аралады

0 13

Кеше ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Сапар барысында вице-премьермен бірге қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен еріп жүрді.Е.Тоғжанов алдымен «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына ат басын тіреп, мұнда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Орталықта 12 мемлекеттік орган «бір терезе» қағидасы негізінде 70-тен астам қызмет түрлерін көрсетеді.
Мұнда өткен 5 айдың ішінде түрлі мәселелер бойынша 11 мыңнан астам адам арыз-өтініштерін айта келген. Олардан түскен 18 404 сауалға кәсіби кеңес беріліп, 6 мың адамның өтініші арызданған күндері қолма-қол шешілген.
«Жанұяда» 70-тен астам қызмет түрлері көрсетіледі. Келушілер білім беру, бизнесті бастау, денсау­лық сақтау, жұмысқа орналасу, баспана, атаулы әлеуметтік көмек алу сияқты көпшілікті алаңдататын мәселелер бойынша жүгінеді. АӘК-ті жаңа нысанда тағайындау қолға алынғалы тек мұнда ғана емес, қаланың 4 ауданында құжаттарды қабылдау қарқынды жүріп жатыр» деді Нұр-Сұлтан қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина.
Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі – жұмыспен қамту ісі де осы орталықта ұйымдастырылады. «Бизнес бастау» жобасы бойынша мұнда бір жылда 7 мыңға тарта талапкер арнайы курстардан өтіп, соның 1 200-не бизнес ашуға мемлекеттік грант берілді. Ал «Кәсіпкер ана» жоба аясында 434 өтініш түсіп, 250 әйел білім алды.
№2 қалалық емханада Ералы Тоғжановты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мен емхана бас дәрігері Ләззәт Рыспекова қарсы алды. Аталған емханаға күніне 1000-нан астам адам қаралады екен. Жалпы өткен жылы мұнда 343 мың адамға қызмет көрсетілген.
Одан кейін вице-премьер Орталық теміржол ауруханасында болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды