«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әлеуметтік нысандар жұмысымен танысты

0 16

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин Нұр-Сұлтан қаласындағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету орталықтарын аралады.

5db90a01323d0433105979

Ол «Шарапат» және «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының, қарттарға, мүгедектерге және ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығының, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының және тағы басқа ұжымдармен кездесті. Бұл орталықтардың мақсаты – өмірде қиын жағдайға тап болған әрбір азаматқа, отбасына психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ жан-жақты қолдау жасау.

Ұйымдар сонымен қатар көпбалалы, толық емес және аз қамтылған отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, егде жастағы адамдарға, белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға қолдау көрсетеді.

«Қоғамның әлеуметтік жағдайын реттеу – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағытының бірі. Сондықтан елордада әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасты қолдау және жалпы қоғамның әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында көмекке мұқтаж адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетуді қолдау орталықтары ашылды» деп атап өтті Андрей Лукин.

Сенатор кездесу соңында өткізілген шаралар үшін алғыс айтып, жұмыстарының табысты болуына тілектестігін білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды