Әлеуметтік нысандар проблемасымен танысты

0 23

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Сенат депутаты Еділ Мамытбеков пен қалалық мәслихат депутаттары әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысанды аралап шықты, деп хабарлады Елорда Инфо.Халық қалаулылары ең алдымен астанада орналасқан «№95 сәбилер балабақшасына» барды. Бұл нысан 2018 жылы астананың 20 жылдығына орай ашылған. Сол жылдың 1 қарашасынан бастап балдырғандарды қабылдай бастапты. Ерекшелігі – елімізде алғаш болып гуманитарлық педагогикалық және экологиялық тәрбие беретін балабақша. Қазіргі уақытта мұнда бүлдіршіндер үш тілде білім алады. Бұған қоса, логопед, психолог секілді мамандар жұмыс істейді.
Сенат депутаты бастаған топ сапарын ары қарай – жақында ашылған Ұлттық теннис орталығында жалғастырды. Бұл теннис орталығын 2019 жылдың 24 қазаны күні әлемге әйгілі теннисшілер – Рафаэль Надаль мен Новак Джокович арнайы келіп ашқан болатын.
Бұл орталық Канадада орналасқан теннис орталығы негізінде жасалыпты. Бүкіл керек-жабдықтарымен қоса есептегенде 2,6 млрд теңгеге салынған.
«Тенниске қызығатын кез келген бала осында келіп дайындала алады. Әрине, бәріне бірдей тегін емес. Арнайы тест тапсырған адам үшін тегін жаттығу қарастырылған. Ал ақылы түрі – айына 13 500 теңге. Олар аптасына үш мәрте жаттығады. Шыны керек, бұл өте арзан. Қазір оны 20 мың теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отырмыз» дейді Ұлттық теннис орталығының директоры.
Депутаттар екі нысан бойынша проблемалы мәселелерді назарға алып, алдағы уақытта мәслихаттың қарауына ұсынатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды