Әлеуметтік мәселелер – әкімдік назарында

0 14

Қала әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн режимде қабылдады. Әкімінің қабылдауына өз өтініш, талап-тілектерімен 15 тұрғын қатысты. Олар тұрғын үй, медициналық көмек, білім беру, жұмысқа орналасу сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді.Өз кезегінде Алтай Сейдірұлы жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шеңберінде шаһар тұрғындарының мәселесін шешуге мүдделі екенін жеткізді.
– Қала тұрғындарының мәселелерін шешуге әкімдіктің әлеуметтік орталықтары көмектеседі. Олар осы уақыт ішінде өзінің тиімділігі мен қажеттілігін дәлелдеді. Егер бұрын қалада «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік көшесі, 14), тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық (Республика даңғылы, 32), iQala қалалық қызмет көрсету орталығы (Қошқарбаев, 29) жұмыс істеп келсе, осы аптада бұлардың қатарын жастарға қызмет көрсету орталығы (Гете, 1) толықтырды. Мұнда жастар білім беру, жұмысқа орналасу, түрлі тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мәселелері бойынша консультациялық кеңестер ала алады, – деді А.Көлгінов.
Айта кету керек, жастарға қызмет көрсету орталығында «Отбасы» банкінің, жұмыспен қамту орталығы және «Астана жастары» мекемесінің қызметкерлері жұмыс істейді. Орталық жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Азаматтардың әкімнің қабылдауында көтерген мәселелері тұрақты бақылауға алынды. Мұндай форматтағы қабылдаулар апта сайын өткізіледі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − ten =