Әлеуметтік корт ашылады

0 13

«Дәулет» теннис орталығы базасында еліміздегі алғашқы әлеуметтік корт ашылады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.«Дәулет» теннис орталығы базасында еліміздегі алғашқы әлеуметтік корт ашуды жоспарлап отырмыз, онда ерекше қажеттілігі бар балалар мен ХӘОТ санатына жататын балалар тенниспен тегін айналысады. «Дәулет» теннис орталығы – #it’sallaboutability (ЮНИСЕФ халықаралық бағдарламасы) шеңберінде инклюзивті топты іске қосқан еліміздегі алғашқы орталық. Бүгінде орталықта тенниспен айналысатын балалардың саны 25 пайызға артты.
Бұқаралық спортты дамыту және спортпен одан да көп баланы қамту үшін қала саябақтары мен мектептеріндегі қолданыстағы алаңдарды жаңа теннис корттарына қайта жабдықтауды жоспарлап отырмыз. «Дәулет» теннис орталығы мен Қазақстан теннис федерациясы спорт жабдықтарын ұсынады, сондай-ақ олар мастер-кластар өткізеді. Егер қазір тенниспен бір мыңға жуық бала айналысып жатса, бұл жобаны іске асыру нәтижесінде тенниспен айналысатын балалар санын 10 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік болады» деп жазды А.Көлгінов.
Қала басшысы Президенттің тапсырмасына сәйкес балалар мен ересектерді бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасау бойынша елордада жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар бұл спортшыларымызға да көмектеседі. Жаңа спорт кешендері мен алаңдары әртүрлі спорт түрлерінің дамуын сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
«Дәулет» теннис орталығын 2019 жылдың күзінде Қазақстан теннис федерациясы таныстырған болатын. Спорт кешенінде 8 жабық және 5 ашық корт, жаттығу залдары, теориялық сабақтарға арналған әдістемелік залдар, тамақтану аймағы және т. б. бар. 2020 жылдың өзінде 76 гектардан астам жер абаттандырылды, бұл – шамамен 150 аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар). Елорда халқының төрттен бір бөлігінде спортпен айналысуға және серуендеуге арналған орындар пайда болды.
Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді қала тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып салып, жөндейміз» деп түйіндеді қала әкімі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − 13 =