Әлеуметтік көмек көрсетіледі

0 76

ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай Астанада жергілікті бюджет есебінен тұрмысы төмен 200 отбасыға азық-түліктер түрінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Азық-түлік жиынтығына 25 кг макарон өнімі, 25 кг күріш, 5 кг қант, 5 литр сұйық май кіреді. Азық-түліктерді мекенжайлар бойынша жеткізуді жабдықтаушы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, Ұлы Отан соғысына қатысу­шылар мен мүгедектері 20 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек алса, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңес­тіріл­ген­дерге және мүге­дектерге, тыл қызмет­кер­леріне, қаза болған әскери қызмет­ші­лердің отбасы мүшелеріне 10 мың теңгеден беріледі.  Қалада аталған әлеуметтік көмекпен 7 мыңнан астам адам қамты­лады. Акция 28-30 қара­шада өтеді.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven + two =