ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІ

0 85

Республика аймақтарында мемлекеттік даму институттарымен тең дәрежеде жоғары техно­логия мен қаржы ресурстарына қолжетімділікті қалыптастыру арқылы шағын және орта бизнестің дамуын қолдау, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын ашу, нарықтағы тауарлар мен қызметтердің түрленуі Қазақстанда ӘКК құруға себеп болды. 

Шағын және орта бизнесті дамыту тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, басым бөлігін жұмыспен қамтудың негізі болып табылады.

Қазіргі уақытта елімізде өндірілетін тауарлар мен қызметтердің саны мен сапасын арттыруға, менеджмент деңгейін жоғарылатуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу қажет болып отыр. Бұл бағытта, дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, кәсіп­кер­лікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, нарықта отандық тауарлар мен қызметтер үлесін арттыру, шаруашылық субъектілердің инновациялық белсенділігін жоғарылату мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Осыған орай, 2010 жылдың 19 қазанында елорданы әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі басымдықтары назарға алынып, Астана қаласы әкімдігінің жанында «Astana» Әлеуметтік-кәсіп­кер­лік­ корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – «Astana» ӘКК» АҚ) өңірлік дамыту институты құрылды.

«Astana» ӘКК» АҚ негізгі қызметі мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттары бойынша қала экономикасына инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және түскен пайданы әлеуметтік жобаларға бағыттау бойынша Астана қаласының әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімшелерімен тығыз байланыста кәсіпкерлік қызмет негізінде қаланы дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.

«Аstana» ӘКК» АҚ Астана қаласында жергілікті деңгейдегі жалғыз ұлттық компания. Қоғам қызметі Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Үкіметі қойған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырылады.

Орта кәсіпкерлікпен серіктестік бағытында корпорацияның дамуы Астана қаласын индустриалды-инновациялық дамытуды қолға алумен тікелей байланысты. ӘКК жеке кәсіпкерлікпен ынтымақтастығы мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік бастаманы шоғырландыру негізінде Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту басымдықтарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуды көздейді.

«Аstana» ӘКК» АҚ Астана қаласында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сақтау және сату, шағын және орта бизнесті дамыту; көлік инфрақұрылымын құру, елорданың тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, машина құру сияқты экономика салаларын дамытуға ат салысуда.

«Аstana» ӘКК өз қызметінде стратегиялық дамудың келесідей негізгі бағыттарын анықтаған

• Астана қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• Орта және шағын бизнесті қолдау мен ынталандыру;
• Активтерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру;
• Қоғамды корпоративті басқару сапасын жоғарылату;

«Аstana» ӘКК АҚ алдына қойған міндеттерді жүзеге асыру арқылы Астана қаласында жоғары табысты қоржынды басқаратын және аймақтағы кәсіпкерлерді экономикалық белсенділікке ынталандыратын қарқынды дамуға бет алған инвестициялық компания ретінде дамуды жоспарлап отыр.

«Аstana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жобалық әрі корпоративтік басқарудың ең үздік үлгісін ұстанатын болады.

Айгүл Каманова,
«Astana» ӘКК» АҚ
баспасөз қызметінің жетекшісі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 18 =