Әлеумет сауалы – әкім жауабы

0 104

Арендалық баспана бұйыра ма?

Диана:
– Біз жас отбасымыз. Жолдасым екеуіміздің жасымыз 23-те, баламыз бар. Астана қаласының тұрғыны ретінде тір­кел­сек те, өз баспанамыз жоқ. Мен жеке кәсіп­керлікте, жолдасым – «Эко-Полигон» ЖШС-де жұмыс жасаймыз. Сәйкесінше, жалақымыз да жоғары емес. Біздің арендалық баспана алуға мүмкіндігіміз бар ма? Мен сіздің сайтыңыздан аталған бағдарлама нақ орташа жалақы алатын адамдарға, яғни, жас отбасыларға бағытталған деп оқыған едім. Құжат­тарды қабылдау қай кезде жүзеге асырылады?

ЖАУАП:
– Диана, 2012 жылдың 21 маусымында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қолжетімді баспана – 2020» бағдар­ламасы бекітілді. Аталған бағдарлама шеңберінде жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағыты қарастырылған. Құжаттарды қабылдау туралы ресми хабарландыру жасалғаннан кейін, сіз жас отбасы өкілі ретінде оған қатыса аласыз.

Қар тазалап, таңғы бесте мазалап…

Ерлан  Жәмиев Аршатұлы:
– Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы! Қар жинау – қыс кезіндегі негізгі міндеттердің бірі екенін білеміз, бірақ, тұрғындардың түнгі ұйқысы мен демалысы да маңызды. Олай болса, неліктен біздің коммуналдық қызметтер қар тазалауды сағат таңғы бесте, мемлекеттік мекемелер аумағынан емес, тұрғын үйлер ауласынан бастайды. Адамдар ұйықтап жатқанына қарамастан. Мен, Ақмешіт көшесінің бойында тұрамын. Қар жауған күндері, сағат таңғы бестен бастап, терезе астынан қар күреген күрек пен техниканың дыбысы дамылдамайды.

ЖАУАП:
– Ерлан Аршатұлы, меха­никаландырылған, қол күшімен және кварталішілік қар жинау тәулік бойғы тәртіпте 2 кезекпен жүзеге асырылады. Оған қоса, аудан аумағынан қар шығаруға күніне 130 бірлікке дейін арнайы техника жұмылдырылады. Қарды қол күшімен жинау сағат 06:00 мен 17:00 аралығында атқарылады. Бірінші кезекте көшелер, аялдама кешендері, қосымша жолдар, тротуарлар мен халық көп жиналатын жерлер тазаланады. Сонымен бірге Астана қаласы Мәслихаты бекіткен «Абаттандыру тәртібінің» 63-ші пунктіне сай, күре жолдар қар жауған уақыттан бастап 72 сағат ішінде тазаланып болуы керек.

Қысқы уақытта қала аумағына дер кезінде және сапалы қызмет көрсету әркез бақылауда. Сіздің ұсынысыңыз түнгі уақытта қар жинау жұмыстарын жақсарту үшін қаперге алынатын болады.

Балабақшаға бармай, арызымды алмай…

Қымбат:
– Қайырлы күн, Иманғали Тасмағамбетов! Сізге мына бір жайды баяндасам деп едім. Менің 2008 жылы туған қызымды қала сыртындағы балабақшаға жолдасым апарып-әкеледі. Мен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыста болғандықтан және қызмет орным қаланың басқа шетінде орналасқандықтан солай етуге мәжбүрміз. Жаңажылдық мереке күндерінде, өкінішке қарай, жолдасым аяғын сындырып алып, қазір үйде жатыр. Сол себепті, қазір баламызды балабақшаға апаратын ешкім жоқ. Баламның отбасы жағдайына байланысты 1 айдай балабақшаға бармайтыны жөнінде арыз жазуға балабақшаға барғанымда мекеме меңгерушісі баланы демалысқа тек ата-анасының бірі еңбек демалысында екендігі жөніндегі бұйрықты көрсеткенде ғана жіберілетінін айтып, арызды қабылдаудан бас тартты. Сондай-ақ, егер бала 1 ай бойы белгілі себепті сылтаусыз қалатын болса, онда автоматты түрде балабақшадан шығарылатынын айтты. Менің басымдағы жайт балабақшаға бармауға себепті сылтау болып табыла ма?

ЖАУАП:
– Қымбат, ҚР Үкіметі 21.12.2004 жылы бекіткен №1353 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесі» Қаулысының 2п.13п.п сәйкес баланың мектепке дейінгі ұйымдағы орны келесі жағдайларда сақталады:
1) баланың ауруы;
2) баланың медициналық, сана­ториялық-курорттық және басқа да ұйымдарда емделуі және сауығуы;
3) ата-ананың бірінің еңбек демалысына шығуы;
4) баланың жаз кезінде екі ай мерзімге дейін сауығуы.
15 п.п балаларды мектепке дейінгі ұйымнан шығару жетекшінің құрылтайшы келісілуі арқылы келесі жағ­дайларда жүзеге асады:
1) баланы мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу ақысын уақытында төлемеген жағдайда (10 күннен аса);
2) баланың бір айдан аса уақыт себепті сылтаусыз және әкімшілікті ескертпей бала­бақшадан қалуы;
3) баланың мектепке дейінгі ұйымда қалуына кедергі келтіре­тін, оның денсаулығы ту­ралы медициналық қоры­тынды.

Қаңғыбас иттер қаптап жүр

Қайранбеков Бауыржан Әбілжанұлы:
– Көктал-1 тұрғынүйлер аумағында (Жаңақоныс көшесі) күндіз-түні қаңғыбас иттер (сонымен бірге, иесінің қарауынсыз қалған иттер) 4-5-еуден шұбырып жүреді. Неліктен арнайы шаруашылықтар осы бағытта мониторинг жүргізбейді (ай сайын/тоқсан сайын) және оларды атумен (аулаумен) айналыспайды? Бұл жағдайдың қауіпті екендігіне жуырда ғана (05.01.2013 ж) Алматы облысының Қарасай ауданында орын алған, нәтижесінде ит қабудан 8 жасар баланың қаза табу қайғылы оқиғасы айқын дәлел ғой.

ЖАУАП:
– Бауыржан Әбілжанұлы, Астана қаласы әкімдігінің «Астана ветсервис» кәсіпорны аталған мекен-жай бойынша қараусыз қалған иттерді аулау жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде аталған мекен-жайда 3 қаңғыбас ит ауланды.
Қаңғыбас жануарларды көр­сеңіз, ол туралы қаңғыбас жануарларды аулаумен айналысатын «Астана ветсервис­ке» немесе Ауыл­шаруашылық басқармасына келесі телефондар бойынша хабарлауыңызға болады: 55-69-79, 44-57-17.

«San-ReМo» құлағымызды сарсылтты

Ким Артур Владимирович:
– Сәлеметсіз бе, Иманғали Нұрғалиұлы! Тәуелсіздік көшесі, 8-үй мекен-жайында орналасқан үйдің тұрғыны ретін­де мені тап осы мекен-жайда орналасқан «San-Remo» түнгі барының (бар үй қабырғасына жапсарлай орналасқан) қызметі мазасыздандырады:
1. Бар­дан шығатын тұрақты шу мен музыка мені және менің отбасы мүшелерімді толыққанды түнгі демалыстан айырды. Қалыптасқан жағдайды оңтайландыруға бар әкімшілігі тарапынан ешқандай шара қолданылмады.
2. 2012 жылдың тамыз айында (бардың жұмыс жасауды бастаған уақыты) бар аумағында құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде, менің ойымша, үй конструкциясына қауіпсіздігіне күмән келтіруге болатын, айтарлықтай өзгерістер енгізілген секілді (қайта жоспарлау орын алды). Атап өтетін жайт, біз тұрып жатқан үй бірінші қатарына да аталған бардың асханасы мен басқа да қосымша бөлмелері орналасқан панельді көп қабатты тұрғын үй.
Сіздің аталған іске араласып, сәйкесті шара қолдануыңызды сұраймын!

ЖАУАП:
– Артур Владимирович, Алматы ауданы ІІБ-нің №5 бөлімшесінің учаскелік инспекторларымен аталған үй тұрғындарынан жа­уап алынып, олар түнгі уақытта тыныштық бұзылатынын растады.
«Сан-Ремо» караоке-бары­ның әкімшісі азаматша Ставская Юлия Михайловна Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 333 бабы 2 т. бойынша (түнгі уақытта тыныштықты бұзу) әкімшілік жауапқа тартылды.
Кафе қызметкерлерімен қоғам­дық тәртіпті бұзуға жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық тәртіптің бұзылуы фактілері бойынша Мұңайтпасов көшесі 6 үйде орналасқан Алматы ауданы ІІБ-нің №5 бөлімшесіне хабарласуыңызға немесе 35-88-99 және 102 телефондарына қоңырау шалуыңызға болады.
Үйдің тірек конструкциясы қауіпсіздігін тексеру бойынша, сіздің Астана қаласы Республика даңғылы, 28/1 мекен-жайы бо­йынша орналасқан «Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Агенттігінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау Департаменті» ММ-не жазбаша арызбен баруыңыз қажет. Тек сіздің жолданымыңыз Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қаласы бойынша басқарма­сында белгіленген тәртіп бо­йынша тіркелгеннен кейін ғана «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзе­ге асырылатын тексерулерді есепке алу және бақылау, бір­ың­­ғай мемлекеттік тіркеу жүр­гізу туралы» Нұсқаулығына сәйкес жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі.

 Астана қаласы әкімдігінің www.astana.kz сайтынан әзірленді

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + 9 =