Әлеумет сауалы – әкім жауабы

0 100

Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ, Астана қаласының әкімі

«ШИПАГЕР» ШҰБАР ЖАҚТАН КӨШІП КЕТКЕН

Әуесбаева Мақпал:
– Құрметті Иманғали Нұр­ға­ли­­ұлы,­ ұлым бес күн ау­ыр­ды,­ қы­зуы 39,5 градус­тан­ түс­пе­ді. Же­­дел жәрдем ке­ліп,­ «Шипагер»­ ем­ха­насы­на­ жо­лы­ғың­дар» де­ді.­ Оның сайттағы те­ле­фон­да­ры­ның­ бә­рі (240709, 240030) өтірік жа­зыл­ған, ан­ық­тама бюросынан, денсаулық сақтау бас­қар­ма­сы­­нан­ алған (556835, 556824) те­ле­фон­дар­ды­ да ешкім кө­тер­мей­ді…­ Менің ұлым Қа­зақ­стан­­ Рес­пуб­ли­касының аза­ма­ты­ бол­ғандықтан, сапалы ден­сау­лық­ сақтау қызметін алуға қа­қылы деп есептеймін… Сізге мықты денсаулық тілеймін!

ЖАУАП:
– Мақпал, Есіл ауданының тұр­ғын­да­рына «№4 қалалық емха­на»­ ШЖҚ-ндағы МКК-нің Сау­ран­ көшесі 9-үйде орналасқан «Ши­па­гер» жалпы тәжірибелік дә­рі­герлер бөлімшесі қызмет көр­се­те­ді.
Сіздің хатыңызда көр­се­тіл­ген телефон нөмірлері (240­709­, ­240­030) бұрын осы бөлімшеге тие­сілі бол­ған,­ 2009 жылы ол Шұ­бардан Сау­ран көшесіндегі 9-үйге көш­кен­нен кейін бұл нө­мір­лер жұмыс іс­темейді.
«№4 қалалық емхана» ШЖҚ-н­да­ғы МКК-нің «Шипагер» жал­пы­ тә­жірибелік дәрігерлер бө­лім­ше­сі­нің­ тіркеуханасының теле­фон­да­ры:­ 50-13-17, 50-14-13.
Қосымша ақпараттар алу үшін №4 емхананың «Шипагер» жал­пы­ тә­жі­ри­белік дәрігерлер бө­лім­ше­сі­нің меңгерушісі Г.­Ш.Кар­бу­зоваға 50 14 11 телефоны­ арқылы (18-кабинет) немесе­ Ас­та­на­ қа­ла­сы Ден­сау­лық сақ­тау­ бас­қармасының ана мен­ ба­ла­ны­ қорғау бөліміне 55 68­ 24,­­ 55­ 68 35 телефондары­ ар­қы­лы­­ хабарласуыңызға, сон­дай­-ақ,­ Ден­­­сау­лық сақтау бас­қар­ма­сы­ның www.densaulyk. astana. kz сайтына кі­руі­ңіз­­ге болады.

ЖЫЛУЫ ШУЫЛДАП ҰЙҚЫМНАН ОЯТТЫ

Сүлейменова Сауле:
– Сәлеметсіз бе! Бараев көшесіндегі 10/5-үй тұрғындары атынан көмек көрсетуіңізді сұраймын. Жылу берген кезде батареялар қатты шу шығарып, дірілдеп тұрады, жылу желі бойымен дұрыс жүрмейді. Соның шуылдаған дыбысынан балалар ұйықтай алмайды, оянып кетіп, ашуланады. Тұрғын үй комиссиясына СЭС-пен бірге тексеру жүргізуге тапсырма беруіңізді сұраймыз. ПИК-тегілерге айтсақ, иық­та­рын қиқаңдатып, жылусыз, сусыз қалдырамыз деп қорқытады. Шара қолданыңызшы.

ЖАУАП:
– Сәуле, «Астана Теплотранзит» АҚ қызметкерлері қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, Бараев көшесіндегі №10/5 үйдің жы­­лу­­мен­­ қам­­­ти­­тын инженерлік жү­йе­­сі­­не тексеру жүргізді. Тексеру ба­­ры­­сын­­да­ нақты тұрғын үйдің жы­лу­ же­лі­лерін жөндеуден өткізу қа­жет­ті­гі анықталды. Тексеру қо­ры­тын­ды­сы бойынша қызмет көр­се­ту­ші ұйым төрағасы, Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заңдарына сәйкес, мақ­сатты ақша қаражатын жинау есе­бі­нен қажетті жабдықтарды ау­ыс­ты­ру керектігі жө­нін­де­ пәтер ие­ленушілерді хабардар­ етті.
Мәселені шешу үшін ұжымдық ше­шім­ қабылдау қажет. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 35-бабына сәйкес үйжайды (пә­тер­­лер­­ді)­ меншіктенушілер үй­дің­ ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұм­са­ла­тын­ шы­ғын­дар­­дың­ ­бар­лы­ғын­ өтеу­ге міндетті әрі же­ке­ (бө­лек­тен­ген) меншіктегі ортақ мү­лік пен­ үй­жай­ды­ сақтап, қауіпсіз пай­да­ла­ну­ үшін жауапкершілік ар­қа­­лай­­ды,­ яғни, көп пәтерлі үй­­лер­­дің­­ барлық тұрғындары ортақ пай­да­ла­ным­дағы нысандарды – шатырды, кі­ре­бе­ріс­тер­ді, инженерлік желілерді, лифтілерді және т.б. күтіп-ұстау үшін жау­апты саналады.
Қосымша айтарым, Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ Азаматтық ко­дек­сі­нің­ 189­-бабына сәйкес, ег­ер­­ де заң ак­ті­ле­рі­­нде немесе ке­лі­­сім­шарт­тарда бас­қа­ша қарастырылмаған болса, меншік иесі өзіне тиесілі мүлікті күтіп-ұстау ау­ыр­тпа­лығын өзі көтеруге тиіс.

ШІРКІН-АЙ, АҚҚУ ЖҮЗСЕ ТАЛДЫКӨЛДЕ

Климанова Ольга Николаевна, қазақстандық
биоәртүрлілікті сақтау ассоциациясының (АСБК) директоры:
– Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы, АСБК – коммерциялық емес ұйым, Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтап қалу ісімен айналысады. Астана қарқынды өсіп келеді, сондықтан құстардың аялдап, мекендейтін, ұя салатын орындарын сақтап қалудың маңызы зор. Елорда Сарыарқаның қақ ортасында орналасқан, ал далалық экожүйе әлемде ең тартымды табиғат мүйісі саналады, сондықтан, ол қала қонақтары мен шетелдік туристерге (ЭКСПО-17) есте қаларлық әдемі көрініс болар еді. Сондай тамаша табиғи паркті жасауға Талдыкөл көлдер жүйесі аса қолайлы… Нақты талдап, талқылау үшін бізбен кездесуіңізді өтінеміз.

ЖАУАП:
– Ольга Николаевна, Астана қала­сы­ның Табиғи ресурстар жә­­не­ та­би­ғат­­ пайдалануды реттеу басқармасы «Қазақстандық биоәртүрлілікті сақ­­тау­­ ас­­социа­циясы» қоғамдық қо­­­ры­­ның,­ «Астана орманы» ЖШС­-нің­­ және басқа да мүдделі қала қыз­­­мет­­­те­рінің қатысуымен жина­лыс­­­ өт­кізіп, Талдыкөл маңында қа­ла­лық­ табиғи парк құру жөніндегі ұсынысты қарады. Жиналыс барысында мәселе жан-жақты тал­қы­­ла­нып,­ аталған көлдің кәріздік ақа­ба су­лар­ды жинақтау орны екен­ді­гі­не­ түсінік берілді; қазіргі кезде Тал­ды­көл ендігін рекултивациялап, тиіс­ті қалыпқа жеткізу жұмыстары жос­­пар­ланып отыр.

ҚАРАҢҒЫ ТҰСТА ҚАУІП КӨП

Қалпақов Ғабит Базарбайұлы:
– Құрметті әкім, қала мен халық игілігі үшін көп шаруа істеп жат­қа­ны­ңызды білетіндіктен, осы өтінішті жолдап отырмын. Күмісбеков көшесінде, Сейфуллин және Абай көшелерінің аралығында тұрамыз. Сол жағымызда – «Гелиос» май құю стансасы, ал, оң жағымызда жұқпалы аурулар ауруханасы тұр. Кешкі уақытта көшеде ағылған көліктердің жаяу жүргіншілерді басып кете жаздағанына талай куә болдым. Себебі, көшенің осы бөлігінде жарық жоқ, жүргізушілер жол белгісін көрмей қалады. Сондықтан, осы тұсқа баған орнатып, про­жек­тор жағып қоюға ықпал етуіңізді сұраймын.

ЖАУАП:
– Ғабит Базарбайұлы, қазіргі таң­да­ Күмісбеков көшесінің Жангелдин көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі бөлігін қайта жөндеу жобасы жасалып, бекітілді.
Осы жобада жол табанын 4 жо­­лақ­­­қа дейін көбейтіп, тротуарлар­ тө­­сеу, сондай-ақ, көше бойын жа­рық­­тан­­ды­ру қарастырылған. Жұмыс ауқымына тапсырыс бе­ру­ші – Астана қаласы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша, Күмісбеков кө­ше­сін қалпына келтіру жөніндегі құ­ры­лыс-жөндеу жұмыстары 2013 жылдың көктем-жаз айларында бас­та­лады.

ТАР ЖОЛДА ТАЙҒАҚ КЕШЕМІЗ

Дәуітов Арман Болатұлы:
– Сәлеметсіз бе, Иманғали Нұрғалиұлы! Мен Ы.Дүкенұлынан бас­талып Бейбітшілік көшесіне дейін баратын жол жөнінде айтқым келеді. Көше өте тар, адамдар көп жүреді, жиегіне машина қаңтарып қоятындықтан, жол одан сайын тарыла түседі. Күніне үш рет солдаттар сап құрып, «Веста» кафесіне барады. Сол кезде жаяу жүргіншілердің де, көліктің де өтуі тіптен қиындап кетеді, әсіресе, қыс кезінде тайғанақтап, біреуді қағып кетуден ылғи қорқасоқтап жүреміз. Жолдың кеңейтудің мүмкіндігі бар, Сарыарқа ауданының әкімдігіне, қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасына, жол полициясына жүгініп көрдім. Тек жол полициясы ғана ұсынымызға құлақ асып, арнаулы белгісін орнатып кетті, сонымен іс бітті… бар болғаны 200-250 метрдей осынау жол бөлігіне көңіл бөліңізші!

ЖАУАП:
– Арман Болатұлы, қазіргі таңда Дүкенұлы көшесін, Бейбітшілік көшесінен бастап Желтоқсан кө­ше­сіне қарай баратын тұйық жолды­ қайта жөндеу жұмыстарының жобасы жасалған. Осы жобада жол та­ба­нын­ ке­ңейтіп, жұртшылық көп­­ келетін нысандар маңайына қо­­сым­­ша аялдау орындарын салу қа­рас­­тырылған. Оны 2013 жылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Қазіргі кезде жол полициясы аталған көше бөлігіне көліктердің уақытша аял­дауы­­на қатысты шұғыл шараларды қолға алып, тиісті жол белгілерін орнатты. Сондай-ақ, әскери бө­лім­шелердің мерзімді түрде сап құрып өтуіне байланысты жол полициясы көшеде жүру ережелерінің сақталуын да қадағалап тұрады.

ҚОЛ СОЗҒАН БАСПАНАДАН ҚҰР ҚАЛМАЙДЫ

Ахметжанов Серік Берікқазыұлы:
– Құрметті Иманғали Нұрғалиұлы! «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы туралы естіген едім. Соған қатысқым келеді. Қандай құжаттар жинауым және оларды қайда апарып тапсыруым қажет?

ЖАУАП:
– Серік Берікқазыұлы, «Қол­же­­тім­ді­ тұрғын үй – 2020» бағ­дар­ла­ма­сында баспана алудың бірнеше негізгі ба­ғыт­тары көрсетілген:
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға мұқтаждар есебінде тұр­ған­ азаматтарға арналған баспана;
2. «Қазақстанның Тұр­ғын­үй­құ­ры­лысжинақбанкі» АҚ-ның желісі бо­й­ынша алатын баспана:
а) тұрғындардың барлық санатына;
б) жас отбасыларына арналған.
3. «Қазақстандық ипотекалық ком­­па­­ния»­ АҚ желісі бойынша ала­тын­­­ баспана;
4. Апатты тұрғын үйлерді ысы­ру­ жөніндегі қанатқақты жоба ая­сын­да­ғы пәтерлер;
5. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ салып, са­­та­­тын­ үйлер.
2013 жылдың 18 ақпанынан бас­­тап­­ «Қа­­зақ­­с­­та­н­­ның­ Тұр­­ғын­­үй­­құ­­ры­­лыс-жи­нақ­­банкі» АҚ­ «Қолжетімді тұр­ғын­ үй-2020» бағ­дар­ла­масы ая­­сын­­да­ өз желісі бойын­ша­ тұр­ғын­дар­дың барлық санатын бас­па­на­мен­ қамту үшін салымшыларынан өті­ніш­тер­ қабылдай бастады.

Тұрғын үй құрылыс жи­нақ­та­ры­ның жүйесі арқылы пул қа­лып­тас­ты­ру­ қа­ғи­да­ларымен www.hcsbk.kz веб-сай­тының «Салынып жатқан бас­па­на­ны­ сатып алу» бөлімінде та­ны­су­ға бо­лады.

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасындағы қалған бағыттар бойынша өтініштер қабылдауды жер­гі­лікті атқарушы органдар ар­най­ы­ ха­бар­лан­ды­ру берген күннен, ар­ен­да­лық үйді пайдалануға беруге 6 ай қал­­ғанда жүзеге асыра бастайды.
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағ­дарламасы бойынша құжаттар қабылдаудың басталуы мен аяқ­та­лу­ да­та­сы бұқаралық ақпарат құ­рал­да­рын­­да жарияланады.

 Астана қаласы әкімдігінің  www.astana.kz сайтынан әзірленді

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + fifteen =